back to top

Елге белгілі гимнасшы, үш дүркін Олимпиада чемпионы өмірден өтті

Аты аңызға айналған тұлға, спорттық гимнастика тарихында өз есімін алтын әріппен қашаған Александр Дитянин 69 жасында өмірден өтті, деп жазды Sportinform.kz.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлады.

Ресейдің И. Герцен атындағы педагогикалық университетінің ресми хабарламасында:
“Бұл — орны толмас қаза. Біз ұлы ұстаз бен нағыз аңыз спортшымен қоштасып отырмыз”, — делінген.

Орайы келгенде айта кетелік, Александр Дитянин 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарында 3 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, бір Олимпиадада ең көп жүлде иеленген спортшы ретінде рекорд орнатқан. Бұл көрсеткішті әлі күнге дейін ешкім бұзған жоқ.

Александр Дитянин спорттағы мансабын аяқтаған соң, ол жаттықтырушы және ұстаз ретінде еңбек етті. 2002 жылдан бастап Санкт-Петербургтегі Герцен атындағы педагогикалық университетінде гимнастика және фитнес технологиялар кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР