back to top

Қазақстандық атлет Давид Дегтярев екі алтын медаль жеңіп алды

Каирде (Мысыр) 9-18 қазан аралығында өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында қазақстандық атлет Давид Дегтярев екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: ortcom.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 191 келілік зілтемірді көтерді. Сондай-ақ ол үш әрекеттің жиынтығы бойынша тағы бір алтын медаль иеленіп, Қытай мен Сальвадор спортшыларын басып озды.

Осылайша, Ақмола облысының өкілі Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен әлемнің үш дүркін чемпионы атанды. Оны Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Колесников баптайды.

Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты — Paralympic Powerlifting күнтізбесіндегі ең маңызды жарыстардың бірі. Бұл додаға әлемнің ең мықты атлеттері қатысады.

Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР