Кипрлік клуб «Пафостың» бас бапкері Хуан Карлос Карседо Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде Алматылық «Қайратпен» болатын матч туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sportinform.kz порталы, Vesti.kz сайтынан сілтеме бере отырып.

Испандық маман Алматылық клубтың өз стадионында жеңіске жету үшін барын салатынын және агрессивті футбол көрсетуге тырысатынын айтты:
«Қайрат» бізге өте ұқсас, себебі оларда Чемпиондар Лигасының алғашқы қатысушысы. Менің ойымша, ойын шамамен бір деңгейде өтеді. Ал, «Қайрат» үшін бұл жақсы мүмкіндік, өйткені олар үйде ойнайды. Сол себепті, бізді қиын матч күтіп тұр.
Біз шынайы болуымыз керек, себебі Чемпиондар лигасындағы әрбір ойын жоғары деңгейде болады. «Қайрат» жақсы жұмыс істеп жатыр, бірақ біз ең жақсы футболымызды көрсеткіміз келеді, онсыз біз жеңіске жете алмаймыз. Мүмкін, «Қайратты» Кипрлік «Ариспен» салыстыруға болады, себебі екеуі де өте агрессивті команда, олар осы жағынан ұқсас. Бірақ, біз осы матчта үстемдік етуге, допты көп иеленуге тырысамыз».
Сондай-ақ, Карседо өткен жылы қарсы ойнаған «Астананы» «Қайратпен» салыстырып, Алматылық клубтың 17 жасар шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың талантын бағалады:
«Өткен жылы біз «Астанамен» ойнадық. биыл «Қайратпен» ойнаймыз. менің ойымша, осы жылы алматылықтар «Астанадан» мықтырақ. Бірақ, ертең біз «Қайраттан» басым түсуге тырысамыз.
Сәтбаев-өте талантты ойыншы, жоғары деңгейін көрсетіп жүр. Сондай-ақ, келесі жылы «Челси» сапына ауысатынын білеміз. Қазір жастар тез өсіп келеді және менің ойымша, сіздерде басқа да талантты ойыншылар жоқ емес. бірақ біз жеке футболшының емес, команданың ойынына назар аударамыз».
Бұған дейін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Қайрат» қорғаушысы Еркін Тапалов, сондай-ақ «сары-қаралардың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин сөз сөйлеген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» — «Пафос» матчы 21 қазан күні, сағат 21:45-те Алматыдағы «Орталық» стадионда өтеді.
Чемпиондар Лигасында «Қайрат «екі турдан кейін ұпайсыз келеді. Ал, «Пафос» «Олимпиакоспен» тең түскен ойыннан кейін қоржынында бір ұпай.
Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК


