Лондондық «Челси» жанкүйерлері Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің үшінші турындағы Дастан Сәтбаевтың ойынына қатысты түрлі пікір білдірді деп хабарлайды Sportinform.kz порталы. Vesti.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қазанда Алматыдағы «Орталық» стадионда жергілікті «Қайрат» пен кипрлық «Пафос»арасында кездесу өтті. Қонақтар сапында бір ойыншы кем болғанына қарамастан, матч 0-0 есебімен аяқталды.
«Челси» жанкүйерлері Сәтбаевқа тәнті болды
17 жасар Сәтбаев нәтижелі әрекеттерімен ерекшеленбеді. Алайда «Челси» жанкүйерлері бұл үшін Дастанның өзін емес, оның командаластары кінәлі екенін алға тартты.
«Қайрат» ойыншылары Сәтбаев деңгейінен төмен. Сәтбаев гол соғатын сәттерді жасайды, бірақ соны пайдаланатын серіктестер керек», — деп жазды бір жанкүйер.
Тағы біреуі қазақстандыққа туған клубынан кету керек екенін айтты:
«Сәтбаевты алдымен жалға жіберу керек. «Қайрат» ойыншыларының көпшілігі шабуылда шешім қабылдауды білмейді».
Жанкүйерлер Сәтбаев серіктестердің әлсіз ойынына байланысты үлкен қиындықтарға тап болғанын атап өтті:
«Ол матчта толық өнерін көрсете алмады. Себебі, команда ойыншылары футболдағы қарапайым ойын дағдыларынан қателесіп отырды».
TheChelseaChronicle оқырмандарының сөзіне сүйенсек:
«Қайрат матчын көрдім, мен оны аяймын — оның жолдастары дәрменсіз. ойын
барысында бірде бір қауіпті сәт жасай алмады».
«Челси» Дастанның Лондонға келуін күтуде
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың ақпан айында Алматылық клуб өзінің шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың Лондондағы «Челси»клубына ауысқанын ресми түрде жариялады. Келісімнің шарттары бойынша жас форвард ағылшын клубына 2026 жылдың жазында 18 жасқа толғанда қосылады.
Биылғы маусымда Дастан Сәтбаев «Қайрат» сапында 38 матч өткізіп, 17 гол және сегіз нәтижелі пас берді.
Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК


