Алматылық «Қайрат » пен «Астана» Қазақстан Премьер-лигасының 26-турында ойнады, деп хабарлайды Sportinform.kz порталы. Sports.kz сайтына сілтеме бере отырып.
Кездесу орталық стадионда өтті. Чемпиондық турда Италиядан келген төрешілер бригадасы қызмет етті. Бас төреші — Маттео Марчетти болды.

Бастапқы құрамдар:
- «Қайрат»: Анарбеков, Мата, Мартынович, Сорокин, Тапалов, Арад, Глейзер, Мрынский, Громыко, Жоржиньо, Сәтбаев;
- «Астана»: Чондрич, Шомко, Аманович, Калаица, Бартолец, Эбонг, Башич, Грипши, Камара, Томасов, Чинеду.
Ойын барысы:
Ойынның алғашқы миннутында доп «сары-қараларда» болғанымен, 15-минутта Марин Томасов гол соғып есеп ашты. Бірінші тайм Астаналықтардың пайдасына 1:0 аяқталды. Екінші таймда да қонақтар қауіпті ойын өрнегін көрсеткенімен, «Алматылық» клуб сапындағы жас талант Дастан Сәтбаев қақпа торын дәл көздеп, есепті теңестірді. Әрі қарай екі клуб ойыншылары қорғанысқа мән беріп, матч тең нәтижеде аяқталды — 1:1.
Осылайша, «Қайрат «59 ұпай жинап 2025 жылғы Қазақстан Премьер Лигасының чемпионы атанды.» Астана » 57 ұпаймен турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК


