back to top

Бокстан ел құрамасының еншісіне бесінші алтын түсті

Қазақстан құрамасы бокстан 2025 жылғы жасөспірімдер арасында Манамада (Бахрейн) өткен Азия ойындарында кезекті алтынды қоржынға салды, деп хабарлайды Sportinform.kz порталы. Vesti.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Камила Оспанова. Сурет: inform.kz

Бахрейнде өтіп жатқан әлемдік додоның кезекті жарыс күнінде Камила Оспанова 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Самира Тургунованы жеңді. Осылайша, бокстан ел құрамасының еншісіне бесінші алтын түсті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бокста Қазақстан үшін алтын медальдарды Даниял Шалқарбай (66 кг), Аяулым Оспанова (66 кг), Жұмағали Нұрмағанов (50 кг) және Досжан Жұмахан (54 кг) жеңіп алған болатын.

Манамада өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионаты 22-31 қазан аралығына жоспарланған.

Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР