World Boxing-тен Әлем Кубогы-2025 финалына қатысушы елдердің тізімі белгілі болды. Онда бокстан Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sportinform.kz порталы. Vesti.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Маусымның шешуші турнирінде төрт құрлықтан 18 команда жиналады.
«Әлем Кубогының финалы керемет көріністі уәде етеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен олимпиадалық стильдегі ең мықты боксшылар атақ пен ұлттың абыройы үшін рингке шығады. Жанкүйерлерді күшті жекпе — жектер, эмоционалды сәттер және басынан аяғына дейін нағыз драма күтеді», — делінген ұйымның хабарламасында.
Финалға қатысушылар: Қазақстан, Өзбекстан, Австралия, Жапония, Австрия, Қытай Тайбэй, Қырғызстан, Англия, Нигерия, Финляндия, Польша, Германия, Корея Республикасы, Үндістан, Испания, Иран, Украина және Италия.
World Boxing Cup-2025 финалдық кезеңі 15-23 қараша аралығында Нью-Делиде (Үндістан) өтеді.
Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК


