back to top

Jastar Hokei Ligasy тұрақты чемпионаты 20 қыркүйекте басталады

ҚХФ Республикалық жарыстар өткізу департаменті 2025-26 жылғы маусымдағы Қазақстан жастар чемпионатының күнтізбесін ұсынады.

Күнтізбенің бастапқы нұсқасы 14 команданың қатысуымен жасақталды, алайда қаржылық қиындықтарға байланысты өзбекстандық ұжым маусымға қатыспау туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда чемпионат кестесі 13 қатысуға арнап өзгертілуде.

Алдағы маусымда Қазақстан чемпионатының медальдары үшін «Астана», «Барыс», «Тұран Тайгерс», «Кармет», «Жас Батыр», «Арлан», «Ақтөбе», «Горняк», «Құлагер», «Алматы», «Мұнайшы», «Торпедо» және «Сұңқар» тартысады. Күнтізбені құрастыру барысында ҚР құрама командалары қатысатын жарыстар ескерілді. Турнир екі кезеңнен тұрады.

Тұрақты чемпионат 20 қыркүйекте төрт матчпен басталады: астанада («Астана» — «Ақтөбе» және «Барыс» — «Торпедо»), сондай-ақ Көкшетауда («Арлан» — «Жас Батыp») және Петропавлда («Құлагер» — «Сұңқар»). Тағы төрт команда додаға келесі күні қосылады. «Алматы» оңтүстік астанада «Карметті» қабылдайды, ал ұлттық турнирлердің дебютанттары «Тұран Тайгерс» Түркістанда «Горнякпен» кездеседі. «Мұнайшы» өз өнерін 29 қыркүйекте «Барыспен» сырт алаңдағы ойында бастайды.

Осылайша, тұрақты чемпионат аясында әр команда 48 матч өткізеді. Әрі қарай үздік сегіздік плей-офф кезеңіндегі жүлделер үшін бақ сынауды жалғастырады.

Күнтізбенің алғашқы бөлігі (қыркүйек пен қазан айларына) мына сілтеме бойынша қолжетімді. Алдағы уақытта қалған айларға арналған ойын кестесі жасақталады. Барлық матчтар біздің ресурстың тиісті бөлімінде қолжетімді болады.

Ақпараттық ресурс: https://jas.ligasy.kz/

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР