back to top

Алишер Сүлейменов Бразилияда халықаралық шахмат турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық гроссмейстер Алишер Сүлейменов Бразилияның Матиньюс қаласында 28 маусым мен 5 шілде аралығында өткен X Torneio Internacional de Xadrez SESC Caiobá халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Турнирге Оңтүстік Американың жетекші шахматшылары қатысқан 150 спортшы жиналды.

Жарыстар триатлон форматында (классика + рапид + блиц) өтті. Басты классикалық турнирде Алишер 9 турда 8 ұпай жинап, бірінші орынға тұрақтады. Турнир барысында қазақстандық шахматшы гроссмейстерлер Аксель Бахман, Луис Паулу Супи жəне Яго Сантьяго сияқты мықты қарсыластармен кездесті.

«Өзімнің төртінші open-турнирімді жеңдім — бұл жолы Бразилияда. Нəтиже — 8/9 жəне карьерамдағы ең жақсы перформанстардың бірі: 2683. Алыс сапар күткеннен де асып түсті. Бөлек айта кететіні — шахмат аңызы Оскар Панно (91 жас)мен танысу. Ол жабылу салтанатында жүлделерді табыстады. Маған қолдау көрсетіп жүргендердің барлығына үлкен алғыс: Тимур Тұрлов, Қазақстан шахмат федерациясы, Freedom Инвестиции, Freedom Shapagat Corporate Foundation. Турнирлерде жəне одан тыс жерде қолдау көрсеткені үшін психолог Рустам Калинаға алғыс айтамын. Жаттықтырушыларыма жəне спарринг-партнёрлеріме ерекше алғыс. Сіздердің кəсібилігіңіз, қолдауыңыз жəне бірлескен жұмысыңыз — менің əрбір жетістігімнің маңызды бөлігі», — деп Алишер Сүлейменов əлеуметтік желілерде жазды.

SESC Caiobá фестивалі — Бразилиядағы ең ірі халықаралық шахмат шараларының бірі. Биыл фестиваль оныншы рет өткізілді.

Классика, рапид жəне блиц нəтижелерінің қосындысы бойынша анықталатын «шахмат триатлонының» жалпы есебінде Алишер Сүлейменов екінші орын алды. Ол бразилиялық гроссмейстер Александр Фиерге есе жіберді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР