2026 жылдың 6 маусымында Астанада «Infinity ChessCup 2026» инклюзивті шахмат турнирі өтеді. Іс-шараны «Funduk Life» қоры және Қазақстан Шахмат федерациясы ұйымдастырады.
Турнир Паралимпиадалық жаттығу орталығында(Ақшоқы тұйық көшесі, 2) өтеді. Басталуы сағат 13:00. Шахмат тақталарының басында мүгедектігі бар шамамен50 қатысушы жиналады.
Жарыс тағы бір ірі оқиға — «Funduk» инклюзивтікомандасының Astana Half Marathon 2026 жартылаймарафонына қатысуынан бір күн бұрын өтеді. Екі іс-шара да ортақ идеямен біріктірілген: әртүрлі адамдардыңинтеллектуалдық қызмет пен спорттағы әлеуетін көрсету, қоғамның назарын тең мүмкіндіктер мәдениетінқалыптастыруға және Қазақстанда кедергісіз ортаныдамытуға аудару.
Турнирдің орталық оқиғасы — Қазақстан Шахмат федерациясы мен «Funduk Life» қоры арасындаынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болады. Құжат инклюзия, интеллектуалдық спорт жәнемүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік бейімделуісаласында бірлескен бастамаларды дамытуғабағытталған. Сондай-ақ Қазақстан Шахмат федерациясы«Funduk Life» қорына мүгедектігі бар адамдардыңинклюзивті спорттық іс-шараларға қатысуы үшін арнайымүгедектер арбасың табыстайды.
«Funduk Life» — коммерциялық емес ұйым жәнеәлеуметтік экожүйе, ол адамдарды, бизнесті, мемлекеттікқұрылымдар мен қоғамдық ұйымдарды ізгі жәнеәлеуметтік маңызы бар бастамалардың төңірегінетоптастырады. Қордың негізгі бағыттары: инклюзивтіорта мен баршаға тең мүмкіндіктерді дамыту, әлеуметтік, білім беру және спорттық бастамаларды қолдау, азаматтармен бизнесті қоғамдық мәселелерді шешуге тарту, еріктілік пен өзара көмек мәдениетін қалыптастыру. Қоркелесі қағиданы ұстанады: ұлтына, діни сенімine, жынысына, жасына немесе өмірлік жағдайларынақарамастан әр адам ішкі және сыртқы өзгерістергеқатысушы бола алады, сондай-ақ қоғамның дамуына өзүлесін қоса алады.


