back to top

Қазақстан — шахмат Олимпиадасының екі дүркін күміс жүлдегері

Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Қазақстан əйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында қатарынан екінші рет күміс медальдарды жеңіп алды. 46-шы шахмат Олимпиадасының қорытынды, 11-турында біздің қыздар Польша құрамасымен 2:2 есебімен тең түсіп, турнирді екінші орында аяқтады.

Əйелдер секциясының жеңімпазы Қытай құрамасы атанды. Қазақстан үшін бұл қатарынан екінші олимпиадалық күміс. Біздің қыздар алғаш рет 2024 жылы Будапештегі 45-ші шахмат Олимпиадасында пьедесталдың екінші сатысына көтерілген болатын.

Екі жылдан кейін Қазақстан осы нəтижені Самарқандта қайталады. Құрама құрамында: Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Қамалиденова, Елназ Қалиахмет жəне Зарина Нұрғалиева өнер көрсетті. Капитан — Павел Коцур.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР