back to top

Қазақстандықтар Орталық және Солтүстік Азияның 2026 жылғы жастар шахмат чемпионатында 33 медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Орталық және Солтүстік Азияның жастар чемпионатында (Central and North Asian Youth U8–U20 Chess Championships 2026) 33 медаль жеңіп алды, оның 13-і алтын.

Чемпионат бағдарламасына классикалық шахмат, рапид және блиц жарыстары кіреді. Классикада қазақстандықтар 7 медаль жеңіп алды, оның 4-і алтын.

Классикалық турнир аяқталуға бір тур қалғанда 13 жастағы Данис Қуандықұлы (O18) және 15 жастағы Мария Холявко (G20) алтын медальды қамтамасыз етті. Тағы екі алтын медальды 13 жастағы Ернұр Ержанұлы (O14) және 17 жастағы Иманғали Ақылбай (O20) әкелді. Фатима Қазбекқызы (G10) мен Ақнұр Мамақова (G14) күміс, Альрами Мұқашев (O12) қола медаль алды. Чемпионаттағы жеңіс Данис Қуандықұлыға халықаралық шебердің үшінші нормасын орындауға мүмкіндік берді.

Блицте біздің спортшылар 17 медаль жеңіп алды, оның 6-ы алтын. Данис Қуандықұлы (O18) мен Мария Холявко (G20) классикадағы жеңістен кейін блицте де алтын медаль алды. Сондай-ақ Нұрислам Сұлтанхан (O10), Алихан Назарбек (O12), Ерлан Тлеуханов (O20) және Альбина Қайырбекова (G14) жоғары шыңға көтерілді.

Блицтегі күміс медальдарды Әлинур Бауыржан (O8), Александр Смелов (O10), Юрий Пак (O12), Адижан Есенғали (O16), Иманғали Ақылбай (O20), Ақнұр Мамақова (G14) және Малика Джаппарбекова (G18) жеңіп алды.

Қола медальдар Әлинур Бауыржанға (O8), Санжар Бақытжанұлына (O14), Алтынбек Құсайынға (O16) және Бибісара Ержанға (G14) бұйырды.

Бұған дейін рапид турнирінде қазақстандықтар 9 медаль жеңіп алған болатын, оның үшеуі алтын. Алтын медальдарды Алихан Сағынтаев (O10), Юрий Пак (O12) және Бибісара Ержан (G14) әкелді. Үш күміс медальды Әлинур Бауыржан (O8), Нұрислам Сұлтанхан (O10) және Алдияр Жарас (O14) жеңіп алды. Қола медальдар Нармина Асылбекқызының (G8), Ақниет Құмысбайдың (G10) және Айлин Зарқымның (G16) еншісінде.

Чемпионат 1–8 шілде аралығында ұлдар мен қыздар үшін жеті жас категориясында бөлек өтті. Жарыстарға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейден 479 жас шахматшы қатысты. Ең көп қатысушы — жарыс иесі Қырғызстан (193 спортшы). Чемпионат нәтижелері 9–16 жас аралығындағы Қазақстанның үздік жас таланттарын қолдау бағдарламасына есепке алынады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР