back to top

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жектің өтетін уақыты анықталды

Қазақстан былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) арасындағы жекпе-жектің өтетін күні белгілі болды.

Фото: elle.com.kz

Инсайдер Дэн Рафаэльдің мәліметінше, жекпе-жек 6 желтоқсанда (Қазақстан уақытымен 7 желтоқсан күні таңертең) өтеді. Кездесу АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио шаһарында орналасқан Frost Bank Center аренасында ұйымдастырылады.

Орта салмақта өтетін бұл айқаста Жәнібек өзіндегі WBO және IBF белбеулеріне Ларадағы WBA титулын да қосып алуға тырысады. Бұл кездесу PBC PPV аясындағы бокс кешінің екінші басты оқиғасы болмақ.

Ал, кештің басты жекпе-жегінде мексикалық Айзек Крус (28-3-1, 18 КО) пен америкалық кіші Ламонт Роуч (25-1-2, 10 КО) жұдырықтасады. Олар бірінші жартылай орта салмақта WBC ұйымының «уақытша» чемпионы атағы үшін айқасады.

Еске сала кетейік, Жәнібек соңғы жекпе-жегін сәуір айының 5-жұлдызында Астанада өткізген. Әлімханұлы ол кезде франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Орта салмақтағы төртінші белбеу – WBC титулы доминиканалық Карлос Адаместе (24-1-1, 18 КО). «Caballo blanko (Асау)» лақап атымен танымал Адамес бұған дейін Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартқанын айта кетейік.

Материалды дайындаған: Алмас Асылбек

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР