back to top

Қазақстан Ұлттық құрамасы сенсация жасады

Қазақстан Ұлттық құрамасы футболдан әлем чемпионаты-2026 іріктеу турнирінің аясында Солтүстік Македониямен тең тарқасып, кішігірім сенсация жасады.

Фото: prosports.kz

2026 жылдың маусым және шілде айларында АҚШ, Канада, Мексико елдерінің ұйымдастыруымен өтетін әлемдік додаға іріктеу ойындары өз жалғасын табуда. Осы іріктеу қарсаңында UEFA-ға мүше 55 мемлекеттің аяқ допшылары өз бақтарын сынап жатыр.

Ал, Қазақстан құрамасы 13 қазаннан 14 қазанға қараған түні Астана уақытымен сағат 23:45 те Солтүстік Македония құрамасымен ойын өткізді. Матч Скопье қаласында, 36400 адам сиятын «Тоше Проески атындағы Ұлттық аренада» өтті.

Ойын барысына келер болсақ, матчтың 54-минутында Иван Свиридовтың әуелете асырылған пасы 18-нөмірлі жейдемен өнер көрсеткен Дінмұхамед Қараманға ғаламат гол соғып, сенсация тудыруға мүмкіндік сыйлады. Бірақ, қарсылас Солтүстік Македония ойыншыларыда қарап қалмай, 74-минутта капитан Энис Барди айып соққысынан таразы басын теңестіріп кетті. Матч 1:1 есебімен аяқталды.

Қазақстан құрамасы үшін бұл ойын ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі 7-матчы еді. Қазір кестедегі жағдай мынандай: 1-орында 14 ұпаймен Бельгия, 2-орында 13 ұпаймен Солтүстік Македония, 3-орында 10 ұпаймен Уэльс, 4-орында 7 ұпаймен Қазақстан, 5-орындағы Лихтенштейнде ұпай жоқ.

Қазақстан құрамасының келесі ойыны Бельгиямен 15 қараша күні, Астана уақытымен сағат 19:00 де «Астана аренада» болады.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР