Әйгілі боксшы Сәкен Бибосынов Семейде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында қатарынан екінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportinform.kz порталы.

Vesti.kz порталының хабарлауынша, Түркістан облысының атынан жұдырықтасатын спортшы 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Бұл жолы ол Қарағанды облысының атынан бақ сынайтын Нұрлан Алмазды жарыс жолынан шығарды: екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді, содан кейін Нұрланның бапкерлік штабы жекпе-жекті жалғастырмау туралы шешім қабылдады.
Бұған дейін бірінші жекпе-жекте Бибосынов Абайдан Нұрахмет Берікболовты 5:0 есебімен жеңген болатын.
Осы орайда еске сала кетейік, Сәкен Бибосынов-2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ Азия чемпионаттарының жүлдегері (қола-2021, күміс-2022).
Ал, ел чемпионаты 15 қазанда басталып, 21-не дейін жалғасады.
Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК


