Қазақстан бокс федерациясы осы жылғы Семей қаласында өткен ел чемпионатындағы ең үздік боксшылар мен ең табысты командаларды атады, деп хабарлайды Sportinform.kz порталы. Vesti.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Чемпионат қорытындысы бойынша ерлер арасындағы үздік боксшы:
Қарағанды облысынан келген Сабыржан Аққалықов ерлер арасында Қазақстанның үздік боксшысы болып танылды. 75 келіге дейінгі санаттағы финалда 23 жастағы спортшы еліміздің қазіргі чемпионы Тимур Нұрсейітовті нокаут арқылы жеңіп, жекпе-жекті екінші раундта аяқтады. Төреші Қарағандылық былғары қолғап шеберінінің мерзімінен бұрын жеңісін тіркеп, кездесуді бірден тоқтатты.
Аққалықовтың бұл атаққа ие болуы елдегі ең таңдаулы жауынгерлердің бірі ретіндегі мәртебесін растау болды. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Астанада өткен Әлем кубогының кезеңінде бақ сынады. Ал 2025 жылы Ливерпульде (Англия) өткен әлем чемпионатында 1/8 финалға дейін жетіп, украиналық олимпиада чемпионы Павло Иллюшеден есе жіберген болатын.
Әйелдер арасындағы үздік боксшы:
Алматыдан келген Жазира Уракбаева 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын жеңіп алған әйелдер арасында үздік деп танылды. Финалда ол Қарағандыдан келген Анита Адишеваны сенімді түрде жеңді. Алғашқы секундтардан бастап Уракбаева сенімді және дәл соққыларымен көзге түсіп, бастапқы екі раундта жеңіске жетті (ұпай бойынша). Соңғы раундта Жазира қарсыласына мүмкіндік берместен, алтын медальді өз еншісіне жазды.

Семейде тағылған алтын Уракбаева үшін үлкен жетістік болды. Еске сала кетейік, сәуір айында ол Бразилияда өткен 2025 жылғы Әлем Кубогының кезеңін жеңіп алды. Адишева финалға қатысып, турнирді күміс медальмен аяқтады.
Жетекші аймақтардың үздік үштігі:
Түркістан облысы-4 ( алтын) / 1 (күміс) / 3 (қола);
Алматы қаласы — 2 / 3 / 6;
Шымкент қаласы — 2 / 2 / 6.
Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК


