back to top

Футзалдан Чемпиондар Лигасында француздық «Этуаль» қазақстандық «Семейге» қарсы камбэк жасап кетті

«Семей» футзал клубы Франциялық «Этуаль » командасымен кездесіп, футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі раундының екінші матчында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sportinform.kz порталы. Vesti.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Семей-Этуаль. Сурет: sports24.kz

Пальма-де-Мальоркада өткен кездесу француздардың пайдасына 4:3 есебімен аяқталды. Бұл ретте қазақстандық клуб бірінші таймда 3:0 есебімен жеңіп жатып, үзілістен кейін қарсыласқа басымдықты беріп қана қоймай, жеңісті де жұлып алуға мүмкіндік берді.

«Семей» құрамында Бруно Гомес (3-минут) және Дедезиньо (8, 17-минут) голмен ерекшеленді. «Этуальда» Сухейл Мухудин (28, 28-минут), Хуассини Гирьо (30-минут) және Билал Баккали (39-минут) гол соқты.

1 қарашада «Семей» испандық «Пальмамен» ойнайды, ал «Этуаль» осыған дейін «Семей» 9:5 есебімен бірінші матчта жеңіске жеткен Чехиялық «Хрудиммен» кездеседі.

2-топтағы жағдай әзірге осылай көрінеді:
1. «Пальма» — 3 ұпай (1 матч)
2. «Этуаль» — 3 ұпай (2 матч)
3. «Семей» — 3 ұпай (2 матч)
4. «Хрудим» — 0 (1 матч)

Төрт топтың әрқайсысында үздік үш клуб 1/8 финалға шығады. А жолының әр тобында алғашқы екі орынды иеленген командалар финалдың 1/8 бөлігінде ойнап, үшінші орын алған командамен немесе В жолының жеңімпазымен кездеседі.

Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасының 2026 жылғы финалдық кезеңін Италияның Песаро қаласы қабылдайды.

Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР