«Қайрат» футзал клубының бас бапкері Даниэль Джуниор Чемпиондар лигасының негізгі раундының екінші турында «Спортингтен» ұтылғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinform.kz порталы. Vesti.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Кездесу Хорватияның Макарска қаласында өтіп, Португалия клубының пайдасына 7:2 есебімен аяқталды.
«Біз өте жоғары деңгейдегі командамен кездестік. Қарсылас қазір өте жақсы формада. Біз жұмысты жалғастырып, ойынды жетілдіруіміз керек. Бұл жеңіліс біз үшін үлкен сабақ болды. Мен болған нәтиже үшін жауапкершілікті өзіме аламын.
Енді барлық назар ертеңгі шешуші матчқа аударылады. Бізге жеңіс керек және плей-офф кезеңіне шығу үшін бар күшімізді саламыз. Осы маусымда біз лайықты өнер көрсетуге тырысамыз»,-деді бапкер Алматы клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші матчта «Қайрат» Хорватияның «Ново Вриеме» клубын 3:2 есебімен жеңді.
1 қарашада «Приштина» — «Қайрат» және «Ново Вриеме» — «Спортинг»кездеседі.
4-топтағы жағдай:
1. «Спортинг» — 6 ұпай (2 матч)
2. «Қайрат» — 3 ұпай (2 матч)
3. «Приштина» — 3 ұпай (2 матч)
4. «Ново Вриеме» — 0 ұпай (2 матч)
Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК


