Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (№6 WTA) Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA қорытынды турнирінің финалындағы жеңісінің арқасында теннис тарихында рекордтық сомаға ие болды, деп хабарлайды Sportinform.kz порталы. Vesti.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Естеріңізге сала кетейік, шешуші матчта оған әлемдік рейтинг көшбасшысы — беларуссиялық Арина Соболенко (№1) қарсылас болып, Рыбакина 6:3, 6:7 (7:0) есептерімен жеңген еді.
Отандық теннисшіміз өзінің ең жарқын ойын үлгісін көрсетіп, турнирді бес матчта бес жеңіспен аяқтады. Финалдағы жеңістің арқасында Елена теннис әлеміндегі ең жоғарғы ақшалай сыйақыны жеңіп алды — 5,235 миллион доллар (2,747 миллиард теңге).
Сонымен қатар, осы нәтижесі үшін оған рекордтық 1500 рейтинг ұпайы беріледі. Бұл оның мансабындағы бір турнирде иеленген ең жоғары нәтижесы болды.
Жарыс барысында қазақстандық спортшы америкалық Аманда Анисимованы (№4), поляк Ига Швентекті (№2), ресейлік Екатерина Александрованы (№10) және АҚШ-тың бесінші әлемдік ракеткасы Джессика Пегуланы жеңді.
Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК


