back to top

Мәнерлеп сырғанаудан Софья Самоделкина әлем чемпионатының еркін бағдарламасына жолдама алды

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Бүгін Чехия астанасы Прагада мәнерлеп сырғанаудан әйелдер қысқа бағдарламада сынға түсіп, үздік 24 спортшы шешуші еркін бағдарламаға өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан атынан өнер көрсеткен Софья Самоделкина әзірше 12-орында келе жатыр.

Софья қысқа бағдарламасында 66.95 ұпай жинады. Ол бұған дейін Милан Олимпиадасына қатысып, ТОП-10-ға кірген болатын.

Қысқа бағдарламаның қорытындысы (33 қатысушы):

1-орын.Каори Сакамото (Жапония) — 79.31 ұпай

2-орын. Моне Чибэ (Жапония) — 78.45 ұпай

3. Эмбер Гленн (АҚШ) — 72.65 ұпай

12-орын. Софья Самоделкина — 66.95 ұпай

Шешуші еркін бағдарлама 27 наурыз күні өтеді.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында Софья Самоделкина былтыр АҚШ-тағы жаһандық додада 14-орынға тұрақтаған еді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР