2026 жылғы 7–10 сәуір аралығында Алматы Азияныңбасты шахмат орталығына айналып, жаңа жаһандықциклді ашады. Мұнда FIDE және Халықаралық мектепшахмат федерациясы (ISCF) ұйымдастыратын World Schools Team Championship 2026-ның азиялық кезеңіөтеді. Бұл форматтағы турнир тарихта тұңғыш ретөткізіліп отыр.
2026 жылы төрт құрлық — Африка, Америка, Азия жәнеЕуропа — өз іріктеу кезеңдерін өткізеді. Әр құрлықтыңжеңімпаздары желтоқсанда Гранд-финалда кездесіп, мектеп командалары арасындағы әлем чемпионы атағынсарапқа салады. Алматы бүкіл циклге старт береді.
Азия кезеңіне Азия елдерінен 26 команда қатысады. Қазірдің өзінде Австралия, Бангладеш, Гонконг, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Непал, Жаңа Зеландия, Пәкістан, Ресей, Сингапур, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Филиппин жәнеШри-Ланка командалары қатысатынын растады.
Барлық қатысушылар — 8–14 жас аралығындағы мектепоқушылары (2012 жылғы 1 қаңтар мен 2018 жылғы 31 желтоқсан аралығында туған). Олар тек жалпы білімберетін мектептерді ғана ұсынады. Шахмат академиялары, мамандандырылған клубтар және бірнешемектептен жиналған құрамаларға қатысуға тыйымсалынған. Әр команда төрт негізгі ойыншыдан және бірзапас ойыншыдан тұрады. Міндетті шарт: құрамдакемінде бір ұл және бір қыз болуы тиіс.
Қазақстан үш команданы ұсынады:
• Астаналық SEED Uniker School — ұлттық іріктеудіңжеңімпазы;
• Алматылық Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей — іріктеудің күмісжүлдегері;
• Алматылық РФМШ — 2025 жылғы әлемчемпионатының күміс жүлдегері (құрам толықжаңартылды).
Ұлттық іріктеу 14–15 наурызда Астанада өтті. Оған елдің23 үздік мектеп командасы қатысты. Жеңімпаздар Азия кезеңінде Қазақстан намысын қорғау құқығын алды.
Турнир 8 тур бойынша швейцар жүйесімен өтеді (күнсайын екі тур). Уақыт бақылауы — партияға 45 минут + әр жүріске 10 секунд қосылады. Жеңіс үшін команда 2 ұпай, тең ойын үшін 1 ұпай алады.
Негізгі жарыс бағдарламасынан бөлек, ұйымдастырушылар бай мәдени-білім беру бағдарламасын дайындады. Балаларға ойын-сауықмастер-класстары, ата-аналар мен мектеп мұғалімдерінеарналған жетекші тренерлер мен гроссмейстерлердіңмастер-класстары жоспарланған. Мұғалімдер мен ата-аналарға арналған білім беру сессиялары, Duolingo India-мен бірлескен әлеуметтік жоба (Үндістанның әлеуметтікосал аудандарынан келген қыздар командасы Wild Card алады), Quantum Chess көрсетілімдері, экскурсиялар, QJ League және Footlab футболшыларымен бірлескенжаттығулар, сондай-ақ ұлттық дәстүрлермен танысу — «Асық ату» ойынының көрсетілімі және дәстүрлі тәттілер(ірімшік пен шоколадты жент) дайындауға арналғанкулинарлық мастер-класс өтеді.
2026 жыл FIDE және ISCF тарапынан Білім берудегішахмат жылы деп жарияланды. Бұл — шахматтың сыниойлау, стратегия, зейін шоғырландыру, есте сақтау, тәртіпжәне командалық жұмыс дағдыларын дамытудағы рөлінатап өтетін жаһандық бастама. ҚазақстанРеспубликасының Президенті шахматты мектеп білімінеенгізуге ерекше мән береді және оны интеллектуалды ұлтқалыптастырудың маңызды құралы ретінде қарастырады.
World Schools Team Championship 2026 — жай турнир емес, нағыз балалар шахмат фестивалі: ойын, жаңадостар, жарқын әсерлер және шахмат бүгінгі күнізаманауи білім беру мен болашақтың ажырамас бөлігіекенін көрсету.


