Алматыда World Schools Team Championship 2026-ның Азиялық континенттік кезеңі
аяқталды. Чемпиондықты Өзбекстанның Ташкент қаласындағы Wisdom School командасы жеңіп алды. Ол 2026 жылдың желтоқсанында өтетін Гранд-финалға жолдама алды. Қазақстанның үздік командасы — Астаналық SEED Uniker School —
4-орынға ие болды.
Турнир ұйымдастырушылары: Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE), Халықаралық мектеп шахмат федерациясы (ISCF), Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ), Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігі, Алматы қаласы əкімдігі. Жалпы серіктес — Freedom Holding Corp.
«Бұл турнир біздің құрлықтағы шахматтың болашағы мен білім беру жүйесінің əлеуетінің нақты үлгісі болды. Біз бəріміз білімнің, əсіресе мектеп деңгейіндегі білімнің маңызын түсінеміз жəне бағалаймыз. FIDE 2026 жылды Білім берудегі
шахмат жылы деп жариялады, ал мектеп командалары арасындағы чемпионаттар осы бастаманың негізгі оқиғаларының бірі болып табылады. Биыл көптеген конференциялар, семинарлар мен турнирлер өтуде. Олардың барлығы да шахматтың ерте дамудағы оң рөлін ілгерілетуге арналған», — деді Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович.
Турнирге 19 елден 26 команда қатысты. Барлығы 8–14 жас аралығындағы 114 жас шахматшы ойнады. Жарыстар 2026 жылғы 7–10 сəуір аралығында Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінде өтті. Командалар 8 тур бойынша швейцар жүйесімен, уақыт бақылауы 45+10 форматында ойнады.
Командалардың қорытынды кестесі (жақшада — команданың орташа рейтингі):
1. Wisdom School (Ташкент, Өзбекстан, 2024) — 16 командалық ұпай
2. Kurchatov School (Мәскеу, РФ, 2275) — 14 ұпай
3. Velammal MHS School (Ченнай, Үндістан, 1908) — 12 ұпай
4. SEED Uniker School (Астана, 2023) — 10 ұпай (EMGSB – 141)
5. Bashu Secondary School (Чунцин, Қытай, 1722) — 10 ұпай (132)
6. РФМШ (Алматы, 1676) — 10 ұпай (116)
7. Maliyadeva College (Курунегала, Шри-Ланка, 1602) — 10 ұпай (95)
8.Bolovsrol Secondary School (Улан-Батор, Моңғолия, 1616) — 9 ұпай
9. ACG Sunderland (Окленд, Жаңа Зеландия, 1834) — 8 ұпай (157)
10. Школа-лицей № 173 (Алматы, 1818) — 8 ұпай (143)
Ұпай тең болған жағдайда алдымен EDE (Extended Direct Encounter) — командалар арасындағы өзара кездесулердің нәтижесі, содан кейін EMGSB (Cut-1) — кеңейтілген Зоннеборн-Бергер коэффициентінің нұсқасы ескерілді. Командалық есептегі жүлделерден бөлек, жеке тақталардағы үздіктер (жиналған ұпай пайызы бойынша) алтын, күміс жəне қола медальдармен марапатталды. Олардың қатарында екі қазақстандық жасөспірім бар:
1-тақта:
1. IM Роман Шогджиев (2399, Kurchatov School, Мәскеу, РФ)
2. Елсұлтан Қалиахмет (1954, №173 мектеп-лицей, Алматы)
3. Осман Хамракулыев (1562, Түрікмен-ресей мектебі, Ашхабад, Түрікменстан)
2-тақта:
1. FM Матфей Юрасов (2308, Kurchatov School, Мәскеу, РФ)
2. ACM Кайсар Батырбеков (1667, Carlton Gardens Primary School, Карлтон,
Австралия)
3. CM Орият Обиджонов (2022, Wisdom School, Ташкент, Өзбекстан)
3-тақта:
1. Билолиддин Обидов (2015, Wisdom School, Ташкент, Өзбекстан)
2. Давид Наимов (1613, №6 мектеп, Душанбе, Тәжікстан)
3. CM Арсений Клещевников (2222, Kurchatov School, Мәскеу, РФ)
4-тақта:
1. Кавину Сатнура Веератунга (1725, Rahula College, Матара, Шри-Ланка)
2. Нихана Шреста (1475, Marvellous E.B.S., Катманду, Непал)
3. WCM Мохинур Хикматхонова (1854, Wisdom School, Ташкент, Өзбекстан)
5-тақта:
1. Алишер Абдукаюмов (1944, Wisdom School, Ташкент, Өзбекстан)
2. Атвик М. (1909, Velammal MHS School, Ченнай, Үндістан)
3. Ернұр Байбек (1583, РФМШ, Алматы)
10 сəуірде «Қазақстан» қонақүйінде турнирдің жабылу рəсімі өтті. Оған Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Алматы қаласы əкімінің орынбасары Нұрлан Əбдірахим, Халықаралық мектеп шахмат федерациясының президенті жəне
Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қатысты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев интеллектуалды ұлт қалыптастыруды ел дамуының негізгі стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде анықтады. Бүгінгі турнир осы бағыттың жүйелі жəне тұрақты жүзеге асырылып жатқанының айқын дəлелі болды. Шахмат оқу процесіне де, сабақтан тыс іс-шараларға да сенімді енді жəне заманауи мектеп ортасының маңызды бөлігіне айналды. Олар ұрпақтың стратегиялық жəне логикалық ойлауын дамытып, тəртібін нығайтуға ықпал етеді», — деді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова. Ол Қазақстан шахмат федерациясымен тығыз серіктестікте жүзеге
асырылып жатқан «Білім берудегі шахмат» бағдарламасы оқушылардың интеллектуалдық əлеуетін дамытуға жəне елдің болашағын қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Рəсімде балалар «Евровидение» қатысушысы Қаракат Башанова өнер көрсетті. Оның əні кезінде залда жарық өшіріліп, көрермендер қолдарында жарықдиодты білезіктерді көтерді. Сол сəтте қараңғылықта жүздеген жарқын «жұлдыз» жанды.
Ұйымдастырушылар: «Егер жұлдыздар жанып тұрса — демек, бұл біреуге керек», — деп атап өтті. Бұл символика əр бала осында — болашақ жұлдыз екенін еске салды. Келесі құрлыққа — Африкаға эстафетаны тапсыру рəсімнің жарқын финалы болды: жүргізушілер кері санақ бастады, сол кезде залдағы көрермендер қағаз ұшақтарды ұшырады.
Халықаралық мектеп шахмат федерациясы мен KazChess президенті Тимур Турлов былай деді: «Қазақстан бүкіл əлеммен ашық жəне достық байланыс орнатып жатыр. Мен біздің турнир осы үдеріске өз үлесін қосқанын үміттенемін.
Шетелдік қонақтарымыз нағыз қазақ қонақжайлылығын сезініп, Алматымен танысқандарына өте қуаныштымыз. Осы жерде балалар арасында жылдар бойы сақталатын байланыстар орнағанына сенемін».
Бүкіл турнир «космостық» тақырыпта өтті. Ұйымдастырушылар оны 12 сəуірде атап өтілетін Космонавтика күніне арнады. Турнирдің соңғы күні алғашқы жүрісті Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович пен қазақстандық ғарышкер, Қазақстанның Халық қаһарманы Айдын Айымбетов жасады. Бұл шахмат пен космос арасындағы символдық байланысты тағы бір рет атап өтті. Екеуінде де стратегиялық ойлау, командалық жұмыс жəне жаңа көкжиектерге ұмтылу маңызды.
Сондай-ақ турнир аясында екі меморандумға қол қойылды. Бірінші құжат FIDE мен Freedom Holding Corp. арасындағы ынтымақтастықты бекітті. Ол əлем бойынша ұлттық федерацияларды жəне шахмат бастамаларын қосымша қолдауды көздейді. Сонымен қатар Қазақстан шахмат федерациясы мен Қырғызстан Шахмат одағы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Құжатқа ҚШФ бірінші вице- президенті Дəрмен Сəдуақасов пен Қырғызстан Шахмат одағының президенті Бабур Толбаев қол қойды.
Алматы қаласы əкімдігі турнирді өткізуге елеулі қолдау көрсетті. 19 елден келген жас шахматшыларға жарыста ыңғайлы жағдай жасалды.
Толық нəтижелер:


