Сурет: instagram (dinara.saduakassova)
Қазақстандық шахматшы Динара Садуакасова Sotheby’s Institute of Art магистратурасын үздік бітірді, деп хабарлайды Sportinform оның Facebook парақшасына сілтеме жасап.
Спортшының айтуынша, «Contemporary Art and Cultural Identity in Post-Soviet Kazakhstan»» тақырыбындағы диссертациясы ең жоғары бағаға ие болған.
«Магистрлік диссертациям «Contemporary Art and Cultural Identity in Post-Soviet Kazakhstan» жоғары бағаланғанына өте куаныштымын», — деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Динара Садуакасова — танымал қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер (WGM) және халықаралық шебер (IM), қыздар мен әйелдер арасында әлем және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.


