back to top

Қазақстандық шахматшы Динара Садуакасова Sotheby’s Institute of Art оқу орнында магистратураны аяқтады

Сурет: instagram (dinara.saduakassova)

Қазақстандық шахматшы Динара Садуакасова Sotheby’s Institute of Art магистратурасын үздік бітірді, деп хабарлайды Sportinform оның Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Спортшының айтуынша, «Contemporary Art and Cultural Identity in Post-Soviet Kazakhstan»» тақырыбындағы диссертациясы ең жоғары бағаға ие болған.

«Магистрлік диссертациям «Contemporary Art and Cultural Identity in Post-Soviet Kazakhstan» жоғары бағаланғанына өте куаныштымын», — деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Динара Садуакасова — танымал қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер (WGM) және халықаралық шебер (IM), қыздар мен әйелдер арасында әлем және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР