back to top

Қазақстан бойынша «Білім берудегі шахмат» бағдарламасына 133 мың оқушы тартылды

Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Қазақстанда шахматты мектеп бағдарламасынакеңінен енгізу жобасы қарқынды түрде жалғасуда. Жаңаоқу жылында «Білім берудегі шахмат» бағдарламасыеліміз бойынша 133 812 оқушыны қамтиды. Бүгінде бұлбастама 2 509 мектепте, яғни Қазақстандағы әрбір үшіншібілім ошағында жүзеге асырылып жатыр.

Жоба 2023 жылы 42 мектепте пилоттық режимдебасталып, біртіндеп ұлттық ауқымға ие болды. Қазіргітаңда сабақтар бастауыш сыныптардың (1–4 сыныптар) 6 770 сыныбында жүргізіледі. Сонымен қатар, шахмат үйірмелері мен секциялары әртүрлі жастағы балалар үшінқосымша мүмкіндік ретінде жұмысын жалғастыруда.

Бағдарлама өте жылдам өсіп, дамып келеді. 2023 жылы барлығы 42 мектептен және шамамен бір мыңоқушыдан басталған еді. Төрт жыл ішінде жобағақатысушы балалар саны 130 еседен астам артты.

Шахматтың ірі қалалардың шегінен шығып, аймақтарға кең таралуы ерекше қуантады. Бағдарламағақатысатын мектептердің 1 623-і ауылдық жерлердеорналасқан, бұл жалпы санның дерлік үштен екісінқұрайды. Қалған 886-сы қалалық мектептер.

Осылайша, шахмат тек Алматы, Астана немесе облысорталықтарындағы балаларға ғана емес, шалғай ауылдықаймақтағы оқушыларға да қолжетімді бола түсті. Бұрынмұндай мүмкіндігі болмаған елді мекендерде де шахмат сабақтары ұйымдастырылуда.

Жобаға ең көп мектеп қосылған өңір – Түркістаноблысы (340 мектеп). Екінші орында Батыс Қазақстаноблысы (303 мектеп). Одан кейінгі орындарда Ақтөбе(189), Атырау (156) және Абай (152) облыстары орныққан.

«Шахмат ойыны арқылы оқушылардың бойындасабырлылық, төзімділік, табандылық, өзара құрмет пен әділдік сияқты маңызды адами қасиеттер қалыптасады. Балалар қарсыласын сыйлауды, ережелерді сақтауды, жеңіске жеткенде ұстамды болуды және жеңілістен сабақалуды үйренді. Мұндай тәжірибе олардың эмоционалдықтұрақтылығын нығайтады, сезімдерін басқаруға, қиындықтарды ақылға салып қабылдауға әрі өзмүмкіндіктерін объективті бағалауға көмектеседі», – дедіАқтөбе облысы Мұғалжар орта мектебінің бастауышсынып мұғалімі Қуаныш Әбілмажанова.

Оқушылар санымен қатар ұстаздар қатары да көбейіпкеледі. Қазіргі таңда бағдарлама аясында 5 886 педагог еңбек етуде. Сабақтардың басым бөлігі (93,8 пайызы) қазақ тілінде, ал қалғаны орыс тілінде жүргізіледі.

Сондай-ақ жобаға 26 жекеменшік мектеп пен «Келешек мектептері» желісінің 174 білім беру ұйымықосылды.

Мұнымен қатар, жоғары оқу орындары негізіндеболашақ мамандарды даярлау жүргізілуде. Қазіргі уақыттаҚазақстанның 11 жоғары оқу орнында «Бастауышоқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығыбойынша 744 студент «Шахмат педагогы» MINORбағдарламасы аясында білім алуда.

Дегенмен, бұл бастаманың басты мақсаты – мыңдаған кәсіби шахматшы дайындау емес. Шахмат мұнда баланы ойлануға, асықпауға, нұсқаларды есептеуге, шешім қабылдауға, зейін қоюға және өз жүрісініңсалдары мен жауапкершілігін түсінуге үйрету құралыретінде қолданылады. Сондықтан да шахмат тек спорт ретінде емес, заманауи оқыту мен тәрбиелеу құралыретінде танылып отыр.

Бұл модельдің Қазақстанда қалай жұмыс істейтіні туралы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Самарқандта өткен 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы аясындағы «Білім берудегі шахмат» FIDE саммитінде айтты.

«Қазақстанда біз бұл жобаны іс жүзінде нөлден бастадық. Бізді Үкімет қолдап, шахматты дамыту мен оны білім беру жүйесіне енгізу бағдарламасын келісіп алдық. 2023 жылы тек пилоттық жоба ғана бар еді, ал бүгінде бағдарлама 133 мың оқушыны қамтып отыр. Қазақстанда жеті мыңнан астам мектеп бар, сол себепті дамитын бағытымыз әлі де ауқымды. Ең бастысы – бұл модельді кеңінен таратуға болады. Бұл оңай емес, бірақ әбден мүмкін», – деді Тимур Турлов.

Оның айтуынша, мектеп шахматының басты мақсаты– смартфондар мен әлеуметтік желілер бала зейінін жиі бөлетін заманда олардың назарын бір арнаға шоғырландыруға үйрету.

«Шахмат балаларға асықпауды, сабыр сақтауды және бір нәрсеге зейін қоюды үйретеді. Әрине, бұл зейінді шыңдаудың жалғыз жолы емес, бірақ ең қызықты тәсілдерінің бірі. Сонымен қатар, біздің басты мақсатымыз – әр баланы міндетті түрде кәсіби спортқа әкелу емес. Мүмкін, біреуі шахмат клубына барар, ал енді біреуіне бұл ойын жақсы оқып, болашақта мықты инженер, дәрігер немесе әзірлеуші болуға көмектеседі», – деп атап өтті Турлов.

Жаңа оқу жылында бағдарлама өз ауқымын одан әрі кеңейтеді: педагогтердің біліктілігін арттыру және бастауыш сынып мұғалімдері арасында өтетін дәстүрлі III «Зияткер Ұстаз» турнирін ұйымдастыру жоспарланған.

«Жарыс элементі өте маңызды, өйткені ол балаларға дем береді, оларды бір қауымдастыққа біріктіреді, араласуға мүмкіндік туғызады және мектеп өмірін қызықты ете түседі. Сонымен қатар мұғалімдерді де ынталандырады, мемлекеттік қызметшілердің назарын аударып, шахматты бүкіл әлемде танымал етуге ықпал етеді. Біздің модель ашық, біз онымен барлық қызығушылық танытқан елдермен бөлісуге дайынбыз. Мен үшін бұл – серіктестермен бірге одан әрі дамыта беретін ірі қайырымдылық жобаларының бірі. Ол халықаралық шахмат қауымдастығы үшін қосымша қолдау көзіне айналады», – дейді Тимур Турлов.

Айтулы оқиғалардың бірі 12-13 қарашада өтетін IV халықаралық конференция болмақ. Онда білім беру жүйесіне шахматты енгізу тәжірибесімен бөлісу үшін шетелдік сарапшылар мен педагогтер басын қосады. Қатысушылар өз елдерінің сәтті тәжірибелерін таныстырып, балаларды оқыту әдістемелері мен оқу үдерісіне шахматты кіріктірудің тиімді тәсілдерімен бөліседі.

Әзірге басты нәтиже нақты сандардан анық көрініп тұр. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана санаулы мектептегі тәжірибелік қадам ретінде басталған бастама бүгінде бүкіл Қазақстан бойынша 133 мыңнан астам баланы қамтып отыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР