Жас вундеркинд өз таңдауын жасады.
Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаев футбол алаңында кімнен үлгі алатынын айтты, деп хабарлайды sportarena.kz «Матч КЗ» телеграм-арнасына сілтеме жасап

«Қазіргі таңда менің сүйікті футболшым – Ламин Ямаль. Болашақта онымен бақ сынасқым келеді. Егер бәрі жақсы болса, 18 жасымда «Челсиге» кеткен кезде онымен бәсекелесетін боламыз», – деді Сатпаев Нобель Арустамянға берген сұхбатында
Ақпараттық ресурс: https://sportarena.kz/
Фото: instagram/d.satpayev


