Ұлттық құрама мен Семейлік «Елімай» футбол клубының вингері Ғалымжан Кенжебекке бірнеше еуропалық клубтар көз тікті, деп хабарлайды Sportinform.kz порталы. Vesti.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Испандық AS газетінің хабарлауынша, 22 жастағы футболшы Түркия Суперлигасының екі командасының назарында. Бірақ, бұл туралы екі клуб тарапынан нақты ақпарат көзі жоқ.
Жасына қарамастан Кенжебектің Еуропада өнер көрсету тәжірибесі бар. 2024 жылдың тамызында Алматылық «Қайраттың» тәрбиеленушісі кипрлік «Акристас Хлоракасқа» ауысып, еркін агент құқығымен «сары-қаралардан» кеткен болатын. Алты айдан кейін шабуылшы словакиялық «Кошицеге»көшті.
Ағымдағы жылдың шілде айында Ғалымжан «Елімайға» қосылып, командаға чемпионатты төртінші орында аяқтауға көмектесті. Бұл Семейліктердің конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына жол ашты.
Соңғы уақытта Кенжебек Қазақстан құрамасының шабуыл өтіндегі көшбасшыларының бірі. 10 қазанда вингер Лихтенштейн қақпасына дубль жасап, ұлттық құрамаға 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында 4:0 есебемен жеңіске жетуге көмектесті.
Қазақстан премьер-лигасында (ҚПЛ) ойыншы 11 матч өткізіп, алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Қазіргі уақытта футболшы 225 мың еуроға (140,8 миллион теңге) бағаланады.
Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК


