Алматы қаласы спорт басқармасының алдағы жылдарға арналған «Орталық» стадионына және онда «Қайрат» матчтарын өткізу жоспарлары туралы мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Sportinform.kz порталы. Vesti.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Дереккөздің мәліметінше, «Қайрат » футбол клубы стадионды пайдалану туралы алаңдамауына болады. Алматы клубы алдағы жылдары қалада жаңа стадион салынғанға дейін онда матчтар өткізе алады.
«Орталықты» қайта жөндеуден өткізуге келетін болсақ, бұрын хабарланғандай, аса ауқымды болмайды. Бірақ, қала билігі: стадионға кіру аймақтарын жақсарту (аренаға бірден төрт кіреберіс жасау), жаңа электронды табло орнату, дренаж жүйесін өзгерту, орындықтарды толығымен ауыстыру және спорт алаңындағы басқа бөлшектерді жақсарту жақтарын жақсартқысы келетінін жеткізді.
Алайда, бұл жұмыстардың қашан жүргізілетіні әлі белгісіз.
Айта кетейік, биылғы жылы «Орталық » стадионда бірнеше ауқымды іс-шаралар, соның ішінде әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті, сондай-ақ Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің матчтары өтті.
Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК


