«Номад» «Арланмен» үйдегі алғашқы матчында шешуші есепті 33-ші минуттың соңына қарай орнатты. Бұл уақытта көкшетаулықтардың қақпасына төрт шайба орнап үлгерді, олардың екеуі Саян Даниярдың есебінде. Әрі қарай «көкжалдар» Роман Калмыковтың қақпасын аша алды, алайда бұл қорытынды нәтижеге ешқалай ықпал ете алмады.

«Номад» — «Арлан» 4:2 (1:0, 3:1, 0:1)
1:0 — 02:27 — Бойко ГБ
2:0 — 21:11 — Данияр (Гросс, Сулейменов)
3:0 — 27:41 — Гатиятов (Данияр)
4:0 — 32:58 — Данияр (Бутенко, Гатиятов)
4:1 — 36:56 — Беляев (Бейсембиев)
4:2 — 53:22 — Гопиенко (Борисов, Преснов) ГБ
Қақпашылар: Калмыков — Шефер
«Ертіс» оңтүстік астанадан үш балмен қайтты, осының арқасында турнир кестесіндегі соңғы орыннан жоғары көтерілді. Алматыдағы екінші матч овертаймда алаң иелерінің пайдасына шешілді. Шешуші соққының авторы – Денис Гафаров.
«Алматы» — «Ертіс» 3:2 ОТ (0:0, 1:1, 1:1, 1:0)
0:1 — 27:42 — Акпирганов (Шлычков)
1:1 — 36:03 — Андрусенко (Анисимов)
2:1 — 41:25 — Рангаев (Атаханов, Гусейнов)
2:2 — 49:59 — Шкленник (Билимбаев, Евлоев) ГБ
3:2 — 62:00 — Гафаров (Машинец)
Қақпашылар: Эрштейн — Нечвиенко
Ақпараттық ресурс: https://pro.ligasy.kz/


