Қазақстандық Нодира Ахмедова әйелдер дивизионында таэквондодан 2025 жылғы әлем чемпионатының медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sportinform.kz порталы. Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Қытайдың Уси қаласында қазақстандық спортшы 49 келіге дейінгі санаттағы жартылай финалға дейін жетіп, онда Тайбэй елінен келген Юн Люден жеңіліп қалды. Нәтижесінде Нодира қола медальге ие болып, тарихи нәтиже тіркеді.
Бұл 2007 жылдан бері Қазақстанның әлем чемпионатындағы алғашқы әйелдер медалі. Соңғы рет Назгүл Тәжігұлова 51 келіге дейінгі санатта қола жүлдеге ие болған.
Айта кетейік, әлем біріншілігі 24 қазанда басталып, 30 қазанға дейін жалғасады.
Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК


