back to top

Рыбакина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жеткеннен кейін әлемдік рейтингтегі жағдайын жақсартты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2025 жылғы Эр-Риядта өткен қорытынды турнирде жеңіске жеткеннен кейін WTA LIVE-рейтингінде көтеріліп, мансабындағы кезекті қадамын жасады, деп хабарлайды Sportinform.kz порталы. Vesti.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Елена Рыбакина. Сурет: sports.kz

26 жастағы спортшы 8 қарашада турнир финалында әлемнің алғашқы ракеткасы Беларусь қызы Арина Соболенконы екі сетте сенсациялық түрде жеңді— 6:3, 6:7 (7:0). Бұл жеңіс Рыбакина үшін 2022 жылғы Уимблдон жеңісінен кейінгі екінші ең үлкен титулды жеңісі болды.

Турнирдегі жетістігі үшін Елена өзі үшін рекордтық 1500 рейтинг ұпайына ие болды, бұл оған WTA LIVE рейтингінде алтыншыдан бесінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Жеңілгеніне қарамастан, Соболенко әлемдік рейтингте көшбасшылықты сақтап қалды.

Финалға барар жолда Рыбакина бірқатар мықты қарсыластарын жеңді: американдық Аманда Анисимова (№4), поляк Ига Швентек (№2), ресейлік Екатерина Александрова (№10) және тағы бір американдық, әлемнің бесінші ракеткасы Джессика Пегулу.

Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР