Елена Рыбакина (№6) WTA әлемдік классификациясындағы позициясын жақсартты. Токиода (Жапония) жартылай финалға жеткендіктен, отандық ракеткашы қызымыз бір сатыға көтерілді, деп хабарлайды Sportinform.kz порталы. Vesti.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Елена жетінші орыннан алтыншы орынға жоғарылап, бірден екі позициясын жоғалтқан итальяндық Жасмин Паолиниді (№8) артқа тастады. Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 76—шы орыннан 75—ші орынға көтерілді.
Әлемдік рейтингтің үздік ондығы келесідей:

Осы орайда айта кетейік, АТР ерлер рейтингінде қазақстандықтар арасындағы көшбасшы Александр Бублик (№16) мансабындағы үздік позициясын сақтап қалды. Александр Шевченкоға келетін болсақ (№99), ол сегіз сатыға төмендеді.
Естеріңізге сала кетейік, Рыбакина Токиодағы жартылай финалдық матчтан арқасының ауырсынуына байланысты бас тартқан еді. Келесі аптада ол Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) WTA қорытынды турнирінде бақ сынамақшы. Бұл турнирге Рыбакина мансабында үшінші рет жолдама алып отыр.
Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК


