АҚШ-тың бұрынғы UFC чемпионы Камару Усман (21-4) мансабын аяқтайтына туралы хабарлап, октагондағы соңғы жекпе-жегін кіммен өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Sportinform.kz порталы. Vesti.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Осы жазда Усман жартылай орта салмаққа оралып, үш жеңіліске созылған сериясын үзіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен азулы жауынгер Хоакин Баклиді жеңді (21-7).
Осыдан кейін ол чемпиондық атаққа тағы бір серпіліс жасағысы келетінін мәлімдеді — және өзінің ескі қарсыласы Конор Макгрегор секілді басқа салмақ дәрежесінде де белбеу жеңіп алуды армандайтынын тілге тиек етті.
Камару Ислам Махачевпен (27-1) және Джек Делла Маддаленамен (18-2) күресуге дайын екенін мәлімдеді. Ресейлік жауынгер қараша айында австралиялыққа қарсы чемпиондық белбеуге таласу үшін жартылай орта салмаққа көтерілді.
«Иә, Мен бұл балалармен күресемін. Бұл жекпе-жек өтеді деп үміттенемін, ИншАлла. Иә», — деді Усман Pound-4-Pound подкастында.
Естеріңізге сала кетейік, 16 қарашада Нью-Йорктегі (АҚШ) UFC 322 турнирінде Маддалена дивизионының қазіргі чемпионы және ресейлік Махачев жартылай орта салмақтағы титулдың тағдырын бетпе-бет шешеді.
Чемпиондыққа басты үміткерлердің бірі — рейтингтің үшінші сатысында жеңілмей келе жатқан отандасымыз Шавкат Рахмонов (19-0).
Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК


