back to top

Barys командасы Гонконгтағы рапид бойынша командалық əлем чемпионатында Магнус Карлсен командасын жеңді

FIDE World Team Rapid and Blitz Championships 2026 командалық əлем чемпионаты рапид турнирімен басталды. Қазақстандық Barys командасы турнирдің ең жарқын жеңістерінің бірін көрсетіп, əлемдік рейтинг көшбасшысы Магнус Карлсен ойнайтын WR Chess командасын 4:2 есебімен жеңді.

Barys командасына жеңіс ұпайларын Пётр Свидлер, Айлин Зарқым жəне Алуа Нұрман əкелді. Тағы бір маңызды тең нəтижені (қара фигуралармен) Рамазан Жалмаханов 2021 жылғы блиц бойынша əлем чемпионы Максим Вашье-Лагравқа қарсы жасады.

Сегіз турдан кейін Barys турнир кестесінде 12 матчтық ұпаймен үшінші орында тұр. Одан жоғары тек қытайлық Dragon Chilling (14 ұпай) жəне үндістандық Team MGD1 (13 ұпай) командалары.

Barys.kz командасының құрамында Дмитрий Андрейкин, Пётр Свидлер, Денис Махнев, Рамазан Жалмаханов, Даниял Сапенов, Ерғали Сүлеймен, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман жəне əуесқой Айлин Зарқым бар. Команда капитаны — Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дəулетова.

Қазақстан шахмат федерациясы жəне оның бас демеушісі Freedom Holding Corp. Гонконгта екі командамен — Kazchess жəне Barys ұсынылған. Сегіз турдан кейін қазақстандық Kazchess командасы 11 ұпаймен төртінші орында тұр.

Kazchess құрамында Бибісара Асаубаева, Қазыбек Нөгербек, Алдияр Ансат, Меруерт Камалиденова жəне əуесқой Кұмар Түлепұлы ойнайды. Сондай-ақ команда үшін мықты шетелдік гроссмейстерлер: Шахрияр Мамедьяров, Александр Грищук, Рихард Раппорт жəне Ван Хао өнер көрсетуде. Kazchess капитаны — ҚШФ бірінші вице- президенті Дармен Садвакасов.

Рапид жəне блиц бойынша командалық əлем чемпионаты 17–21 маусым аралығында Queen Elizabeth Stadium аренасында өтуде. Рапид турниріне 48 команда қатысуда. Матчтар 6 тақтада өтеді, əр команда құрамында міндетті түрде бір əйел жəне Эло рейтингі 2000-ден төмен əуесқой ойыншы болуы тиіс. Турнир 12 раунд бойынша швейцар жүйесімен, 15+10 уақыт бақылауымен (партияға 15 минут + əр жүріске 10 секунд қосымша) өтеді.

Алда қатысушыларды рапид турнирінің соңғы төрт туры күтіп тұр. Олар аяқталған соң əлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР