back to top

KazChess Masters Almaty 2026: жеңімпаз жəне жүлдегерлер анықталды

8 шілдеде KazChess Masters Almaty 2026 халықаралық шахмат турнирінің жабылуы өтті. Жеңімпаз — сербиялық гроссмейстер Алексей Сарана болды.

26 жастағы Алексей Сарана қазақстандық шахмат əуесқойларына жақсы таныс. Өткен жылы ол Қазақстанда екі турнирде жеңіске жеткен: «Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2025» (22–30 маусым, Ақтөбе) жəне KazChess Masters 2025 (21–29 қараша, Алматы).

«Соңғы күнге дейін бəрі белгісіз болды. Соңғы екі турда мен көшбасшылар қатарында болмадым, басқа лидерлер бар еді. Бірақ финиште екі партияны жеңіп, күтпеген жерден бұл жеңіске жеткілікті болды. Турнир мен үшін өте ауыр өтті. Кейбір жерлерде жеңіліп қалу қаупі болды, бірақ бəрі ойдағыдай аяқталды. Мен Қазақстанда көп рет ойнадым, прогресс байқалады, көптеген жас шахматшылар өсіп келеді. Осы турнирде мен Алуа Нұрманмен ойнадым жəне жеңіліс жағдайында болдым. Əйелдер шахматы өте жоғары деңгейде екені байқалады», — деді жеңімпаз Алексей Сарана өз əсерлерімен бөлісіп.

Екінші орынды Германиялық Александр Донченко, үшінші орынды украиналық Игорь Коваленко иеленді. Алексей Сарана мен Александр Донченконың екеуінде де 6 ұпайдан болды, бірінші орынды қосымша көрсеткіштер шешті.

«Турнирдің алғашқы партиясында мен іс жүзінде 1,5 ұпай беріп қойдым, өйткені Игорь Коваленкоға жеңілгенім үшін əрқашан көрсеткіштерім нашар болады. Дегенмен турнирмен өте ризамын: көптеген партияларды жеңдім, бірқатар жақсы партиялар ойнадым», — деді Германиялық Александр Донченко.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Денис Махнёв төртінші орында. Одан кейін америкалық Сэм Шенкленд тұр. Екеуінде де 5 ұпайдан бар.

9 күн бойы бес шетелдік спортшыға бес қазақстандық ойыншы қарсы тұрды. Турнирге 10 шахматшы қатысты: 5 шетелдік, 2 қазақстандық гроссмейстер жəне 3 қазақстандық халықаралық шебер (IM).

Турнир 9 тур бойынша круговой жүйемен, классикалық уақыт бақылауымен өтті: алғашқы 40 жүріске 90 минут + қалған уақытқа 30 минут, əр жүріске 30 секунд қосымша. Барлығы 45 партия ойындалды.

Жабылу салтанатында Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дармен Садвакасов Қазақстанда кəсіби шахматты дамыту бағдарламасы аясында сериялық іс-шаралар өткізіліп жатқанын түсіндірді. Қазақстан Кубогы үш Open турнирді қамтиды. Бірінші кезең Ақтөбеде өтті, келесі кезең осы айда Шығыс Қазақстан облысында, үшінші кезең Атырауда өтеді. Круговой KazChess Masters Almaty 2026 турнирі биылғы екінші турнир, алғашқысы көктемде — Шымкентте өткен болатын.

«Өздеріңіз байқағандай, біз турнирлерімізді бүкіл ел бойынша таратамыз. Бұл өңірлерді дамыту үшін жасалып жатыр. Бүгінгі турнир ерекше маңызды болды, өйткені ол ұлттық құраманың құрамын анықтау үшін тренерлер кеңесі мен федерация президиумының шешімі алдында өтті. Буквально ертең біз тренерлер кеңесінде жиналып, қыркүйекте өтетін Əлемдік шахмат олимпиадасына баратын ұлттық құрамалардың құрамын анықтаймыз. Қазіргі уақытта бес адамнан тұратын құраманың үш мүшесі анықталды. Біздің жаңа ережеміз бойынша құрамға рейтинг-фаворит (ерлер мен əйелдер құрамасына),сондай-ақ Қазақстан чемпионатының екі жүлдегері (ерлер мен əйелдер арасында) кіреді. Сəйкесінше, əр құрамада бес адамның үшеуі белгілі. Соңғы екі қатысушы ертең кешке кеңес аяқталған соң белгілі болады», — деді Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дармен Садвакасов.

ҚШФ бірінші вице-президенті KazChess Masters Almaty 2026 турниріне бес мықты шетелдік гроссмейстердің қатысуы қазақстандық шахматшыларға баға жетпес тəжірибе алуға, рейтингін көтеруге жəне халықаралық нормаларды орындау үшін күресуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Сондай-ақ ол Алуа Нұрманның ойынын жоғары бағалады.

«Турнирдің жалғыз қатысушысы — əйелдер құрамасының екінші нөмірі Алуа Нұрманды ерекше атап өткім келеді. Ол өте лайықты өнер көрсетті, рейтингін көтерді. Мұндай жұлдызды құрамда оған оңай болған жоқ. Екі жеңіліс жəне қалғаны тең нəтиже — менің ойымша, бұл өте лайықты көрсеткіш», — деді Дармен Садвакасов.

Турнирдің бас серіктесі — Freedom Holding Corp., The AKAN Building, RAMS, CMK Group, сондай-ақ «Дебют by Chess Empire» шахмат клубының қолдауымен өтті. Турнирдің кепілденген жүлде қоры 25 миллион теңгені құрады.

1-орын — 7 млн теңге

2-орын — 5 млн теңге

3-орын — 3,5 млн теңге

Барлық он қатысушыға да жүлделер қарастырылды.

Турнирдің қорытынды кестесі:

1.GM Алексей Сарана (Сербия) — 6 ұпай

2.GM Александр Донченко (Германия) — 6 ұпай

3.GM Игорь Коваленко (Украина) — 5,5 ұпай

4.GM Денис Махнёв (Қазақстан) — 5 ұпай

5.GM Сэм Шенкленд (АҚШ) — 5 ұпай

6.GM Максим Чигаев (Испания) — 4,5 ұпай

7.IM Марк Смирнов (Қазақстан) — 4 ұпай

8.IM Алуа Нұрман (Қазақстан) — 3,5 ұпай

9.GM Қазыбек Нөгербек (Қазақстан) — 3 ұпай

10.IM Алдияр Ансат (Қазақстан) — 2,5 ұпай

Шілдеде Өскеменде Oskemen Open турнирі өтеді. Ал тамызда Алматыда грандиозды халықаралық оқиға — шахмат Универсиадасы өтеді. Онда əлемнің жетекші университеттерінің командалары, соның ішінде Гарвард, Кембридж, Оксфорд, Пекин университеті жəне басқалары жиналады. Қазақстаннан үш команда қатысады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР