back to top

КӨКПАРДАН ІІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ!

Фото: Мақсат Шағырбай

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Ұлттық және ат спорты орталығында» ресми спорт тізілімінде тіркелген 11 ұлттық спорт түрін дамыту жұмыстары жүргізіледі. Яғни, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, бәйге, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату, асық ату, жекпе-жек спорт түрлері бойынша ұлттық құрама мүшелері Орталықта оқу-жаттығу жиынынан өтеді, халықаралық жарыстарға қатысып, ел намысын қорғайды.

Аталған 11 спорт 2025 жылы спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесіне еніп, олимпиадалық спорт түрлерімен теңестірілді. Ағымдағы жылы ұлттық спорт түрлерінен 31 халықаралық жарыс өткізу жоспарланған.

Көкпардан ІІ Әлем чемпионаты Түркістан қаласында 15-21 наурыз аралығында өтеді. Әлем біріншілігі ҚР Туризм және спорт министрлігі, Бүкіләлемдік «Көкпар» қауымдастығы, ҚР «Көкпар» федерациясы, Спортты қолдау қоры және Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасымен ұйымдастырылуда.

Жарыс Бүкіләлемдік «Көкпар» қауымдастығының ережесімен және осы ұйым іріктеген төрешілер құрамымен өтеді. Чемпионатқа 10 елден спортшылар келеді деп күтілуде, әр елдің ұлттық құрама командалары ғана қатысады. Халықаралық доданың жалпы жүлде қоры 30 000 000 теңгені құрайды.

Аталған жарыста ел намысын қорғайтын ұлттық құрама мүшелері іріктелді. Оның ішінде, Есжан Құрманбай (Жамбыл облысы), Ернат Мәлімбай (Жамбыл облысы), Асылжан Мамыт (Түркістан облысы), Нұрислам Төлеп (Түркістан облысы) сынды шабандоздар бар.

Көкпардан тұңғыш әлем чемпионаты 2017 жылы EXPO-2017 халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында өтіп, Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен болатын.

Түркістан қаласының жаңа атшабарында 16 наурызда топтық ойындар басталады, финалдық кездесу 21 наурызға жоспарланған. Ойындар Qazsport арнасында және осы арнаның youtube каналында тікелей көрсетіледі.

Ақпараттық ресурс: ulttyqatsport.kz

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР