back to top

Милад Карими Сомбатхейдегі Challenge Cup турнирінде жеңіске жетті

Бүгін Мажарстанның Сомбатхей қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup жарысында екінші отандасымыз алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері, команда көшбасшысының бірі Милад Карими керме жаттығуында ешкімге дес бермеді. Ол финалда 14.750 балл жинады.

Керме жаттығуының жүлдегерлері:
1. Милад Карими (Қазақстан)
2. Анхель Барахас (Колумбия) 14.650 балл
3. Лучиано Летелиер (Чили) 14.250 балл

Айта кетейік, кеше Дмитрий Патанин еркін жаттығуда жеңімпаз атанған. Бүгін ол қос сырықтың финалында жүлдеге іліге алмады. Қазақстан Сомбатхейдегі шешуші кезеңді 2 алтын медальмен аяқтады.

фото: Халықаралық гимнастика федерациясы

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР