back to top

Қазақстанның Kazchess жəне Barys.kz командалары Гонконгта рапид жəне блиц бойынша əлем чемпионатында өнер көрсетеді

17–21 маусым аралығында Гонконгта FIDE World Team Rapid and Blitz Championships 2026 — рапид жəне блиц бойынша əлемдік командалық чемпионат өтеді. Турнир Queen Elizabeth Stadium аренасында өтеді жəне алғаш рет Шығыс Азияда ұйымдастырылады. Негізгі жарыс күндері 17–21 маусымға жоспарланған, бағдарлама рапид турнирімен басталады.

Қазақстан шахмат федерациясы жəне оның бас демеушісі Freedom Holding Corp. Гонконгта екі командамен — Kazchess жəне Barys.kz ұсынылады.

Kazchess командасы рапид бойынша орташа рейтингке сəйкес үздік үштікке кіреді. Команда капитаны — Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дармен Садвакасов. Команда құрамында Бибісара Асаубаева, Қазыбек Нөгербек, Алдияр Ансат, Меруерт Камалиденова жəне əуесқой Кұмар Түлепұлы ойнайды. Сондай-ақ құрамды жұлдызды легионерлер күшейтеді: Шахрияр Мамедьяров, Александр Грищук, Рихард Раппорт жəне Ван Хао.

Екінші қазақстандық команда — Barys.kz — 9-шыққан нөмірмен бастайды. Команда капитаны — ҚШФ атқарушы директоры Гүлмира Дəулетова. Barys.kz құрамында тəжірибелі гроссмейстерлер Пётр Свидлер мен Дмитрий Андрейкин, сондай-ақ жас қазақстандық шахматшылар Денис Махнев, Рамазан Жалмаханов, Даниял Сапенов, Ерғали Сүлеймен, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман жəне əуесқой Айлин Зарқым ойнайды.

Рапид турнирі 17–19 маусым аралығында өтеді. Қатысушылар 12 раунд бойынша швейцар жүйесімен, 15+10 уақыт бақылауымен (партияға 15 минут + əр жүріске 10 секунд қосымша) ойнайды. Матчтар 6 тақтада өтеді, əр команда құрамында міндетті түрде бір əйел жəне Эло рейтингі 2000-ден төмен əуесқой шахматшы болуы тиіс.

Стартовый тізімді интернационалдық WR Chess командасы бастайды. Оның құрамында Магнус Карлсен, Максим Вашье-Лаграв, Фабиано Каруана, Уэсли Со, Ян- Кшиштоф Дуда, сондай-ақ Александра Горячкина жəне экс-əлем чемпионы Александра Костенюк бар.

Негізгі бəсекелестердің қатарында Hexamind Chess Team командасы — Алиреза Фирузджа, Левон Аронян, Аниш Гири, Видит Сантош Гуджрати, 2024 жылғы рапид бойынша əлем чемпионы Володар Мурзин, Катерина Лагно жəне Дивья Дешмұх. Hexamind командасында əуесқой ретінде Ақтаулық бапкер Анвар Шайхымовтың тəрбиеленушісі, қазір Лондонда оқып жəне ойнайтын қазақстандық Мұрат Омаров өнер көрсетеді.

Мықты құрамдарды қытайлық Dragon Chilling, үндістандық Team MGD1, Endgame.AI, Mr Birdie and friends, Chess United, Chessgurukul жəне Өзбекстан құрамасы да ұсынды. Dragon Chilling құрамында экс-əлем чемпионы Дин Лижэнь, əлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь, Вэй И, Лэй Тинцзе жəне Юй Янъи бар. Team MGD1 құрамында Арджун Эригайси, Нихал Сарин жəне Харика Дронавалли ерекше көзге түседі.

Гонконгтағы қазақстандық өкілдік Kazchess жəне Barys.kz командаларымен шектелмейді. Гроссмейстер Ринат Жұмабаев дəстүр бойынша Сингапурдың Theme International Trading командасы үшін өнер көрсетеді.

Рапид жəне блиц бойынша əлемдік командалық чемпионат ФИДЕ тарапынан 2023 жылдан бастап өткізіліп келеді. Алғашқы турнир Дюссельдорфта, кейінгі жылдары Астана мен Лондонда өтті. 2026 жылы чемпионат Гонконгта 48 команданы жəне шамамен 400 шахматшыны қабылдайды.

Рапид турнирінің жалпы жүлде қоры 310 мың еуроны құрайды. Чемпион команда 110 мың еуро, күміс жүлдегер 70 мың еуро, қола жүлдегер 50 мың еуро алады. Сондай-ақ 4-тен 6-орынға дейінгі командаларға жəне 2400, 2200 рейтингке дейінгі санаттар бойынша арнайы ақшалай жүлделер қарастырылған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР