Фото: Сали Сабиров
Италияның Милан қаласында қысқы олимпия ойындарында шорт-тректен әйелдер арасында 1500 метрге жарыста жүлделер сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін жарыс жолына Қазақстан командасы сапынан қысқы Азия ойындарының жүлдегерлері Яна Хан мен Ольга Тихонова шықты.
Яна ширек финалда 3:08.414 секунд нәтиже көрсетіп, екінші топта 5-сатыдан көрінді. Ал Ольга өз тобында мәреге төртінші болып жетті (2:30.169 секунд). Отандастарымыз келесі кезеңге шыға алмады.


