back to top

Футзалдан Қазақстан құрамасы ЕУРО-2026 жолдамасы үшін алғашқы матчта Италияға есе жіберді

Италияның Фасано қаласында футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін Италия мен Қазақстан құрамалары арасындағы алғашқы матч өткізді.

Алғашқы ойында Италия құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алаң қожайындары сапынан Джованни Пульвиренти мен Юлио Де Оливейра гол соқса, Қазақстан құрамасынан Шыңғыс Есенаманов қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Қарымта ойын 23 қыркүйек күні Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өтеді. Матч 19:30-да басталады.

Ойынның билеттері Ticketon.kz сайтында сатылады.

Ақпараттық ресурс: https://kff.kz/kk/news/27095

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР