“Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясының Атқарушы хатшысы Данияр Ахметов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихат депутаттары, тұрақты комиссия төрағалары Ербол Салықов пен Борис Лаврентьев, Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, сондай-ақ «Freedom Shapagat» қорының директоры Бағлан Мусинның кездесуі өтті.” — деп хабарлайды elordamedia.kz

Кездесудің басты мақсаты өңір үшін маңызды спорт нысанына айналатын жаңа заманауи үстел теннисі орталығының құрылысын талқылау, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық бағыттарын айқындау болды.
Жоба спорттық инфрақұрылымды дамытуға, жастар арасында үстел теннисін насихаттауға және бұқаралық спортты нығайтуға бағытталған. Кездесу қорытындысы бойынша «Freedom Shapagat» қорының директоры Бағлан Мусин, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы және «ИнтерСтрой НС» мердігерлік ұйымы арасында Орал қаласында үстел теннисі орталығын салу бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.
Бұл жоба аймақ үшін ерекше маңызға ие. Жаңа орталық спорт инфрақұрылымын дамытуда, бұқаралық спортты кеңейтуде және жастар арасында үстел теннисін танымал етуде маңызды қадам болмақ.
Бүгінде Батыс Қазақстан облысында 6 мыңға жуық адам үстел теннисімен айналысады. Бұл спорт елдегі ең қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің біріне айналуда. Ұлттық құраманың мүшелері Айдос пен Дастан Кенжігұловтар, сондай — ақ Санжар Жұбанов-өңір мақтаныштары. Олардың жаттықтырушысы-Сарвар Ризоқызы Назарова.
Freedom Holding Corp негізін қалаушы Тимур Турловқа, «Shapagat» Freedom Finance қоры мен Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясының басшылығына жобаны іске асыруды қолдағаны үшін ерекше алғыс білдірді.

Жаңа үстел теннисі орталығының құрылысы 2026 жылға жоспарланған. Бұл қадам Қазақстанда үстел теннисінің дамуына қуатты серпін береді және спортшыларға халықаралық аренада жаңа биіктерге жетуге мүмкіндік береді.
Барлық серіктестердің бірлескен жұмысы Батыс Қазақстан спортының дамуындағы жаңа кезең болмақ.
Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК


