back to top

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Нинбо WTA 500 турнирінің жеңмпазы атанды

Қытайдың Нинбо қаласында WTA 500 санатындағы турнирдің финалдық ойыны өтіп, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (9 WTA) мен ресейлік Екатерина Александрова (10 WTA) кім мықтыны сарапқа салды, деп хабарлайды Sportinform.kz порталы.

Елена Рыбакина. Сурет: ulyssport.kz

Екі теннисші арасындағы ойын тартысты болып, үш сетте өтті. Александрова кездесудің бірінші сетін  6:3 есебімен сенімді түрде бастады. Алайда, екінші партияда Рыбакина қарсыласына 6:0 есебімен мүмкіндік қалдырмай,  жауап берді. Титулдың тағдыры соңғы үшінші сетте шешілді, онда отандасымыз 6:2 есебімен жеңіске жетіп, ағымдағы маусымдағы екінші титулын иеленді 6:3, 0:6, 6:2.

Осылайша, Елена Рыбакина Нинбодағы WTA 500 турнирінің чемпионы атанды.

Еске сала кетейік, Нинбо турнирі 13-19 қазан аралығында өтті, жалпы жүлде қоры 1,06 миллион долларды құрады. Ал, Рыбакина чемпиондық атақ үшін 164 мың доллар және 500 WTA рейтингтік ұпайына ие болды.

Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР