Семейде бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтті. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) пен Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) кездесті, деп хабарлайды Sportinform.kz порталы. Vesti.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Алғашқы секундтардан бастап-ақ жекпе-жек жанкүйерлер үшін қызықты болып, екі боксшы да техникалық жоғары жылдамдығын және зор әлеуетін көрсетті. Бірінші раунд тең деңгейде өтті, бірақ 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында екі дүркін Азия чемпионы Алтынбектің пайдасына есеп 3-2 болды. Қызылордадан келген жас боксшы уақыт пен қашықты ұтымды пайдалана білді.
Екінші раундта Қазақстан құрамасының тәжірибелі көшбасшысы, 2021 жылғы әлем чемпионы және 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Сәкен Бибосынов ринг тізгінін толығымен қолға алды. Ринг ортасындағы дәл сериялы соққылары мен аса сақ бақылауының арқасында ол раундты бірауыздан жеңіп алды — 5-0.
Үшінші раунд шешуші болды, онда Бибосынов ел чемпионы атанды. Фаворит өзінің мықтылығын дәлелдеп, Қазақстанның үздік боксшыларының бірі болып қала беретінін тағы да ісімен дәлелдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Сәкен Бибосыновтың коллекциясында — әлем чемпионатының алтыны (2021), Олимпиаданың қоласы-2020, сондай-ақ Азия чемпионаттарының қола және күміс медальдары (2021, 2022) бар.
Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК


