Новости спорта

Қазақстанда Arlan Chess Cup 2026 халықаралық шахмат турнирі аяқталды
Астанада 17 қараша күні құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кубогына арналған Arlan Chess Cup 2026 халықаралық шахмат турнирі өтті.

Дүбірлі додаға Қазақстан мен шетелдік құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Бұл турнир жыл сайын өткізіліп келеді, бірақ биыл алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Arlan Chess Cup 2026 аясында екі бөлек турнир өткізілді: халықаралық турнир командалық форматта өтті. Ал республикалық турнирде Қазақстанның ішкі істер органдарының қызметкерлері жекелей және командалық есепте бақ сынады.

«Бүгін бізді шахмат тақтасы басында ойынға деген қызығушылық пен спорттық рух тоғыстырды. Бұл зияткерлік ойын терең ойлауды, ұстамдылық пен шеберлікті талап етеді. Ал мұндай қасиеттер құқықтық тәртіп сақшылары үшін аса маңызды. Сондықтан құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шахматқа деген қызығушылықтың артуы заңдылық. Мұндай кездесулердің маңызы спорт шеңберінен әлдеқайда кең. Осындай алаңдарда өзара сенім мен кәсіби байланыс нығайып, елдеріміз арасындағы достықты дамытуға септігін тигізеді. Ең бастысы, бәрімізді заң мен тәртіпке адалдық біріктіреді. Қазақстанға арнайы келген шетелдік әріптестеріме алғыс айтамын», – деді ҚР ІІМ Жеке құраммен жұмыс департаментінің бастығы Олжас Мырзабеков.

Халықаралық турнир қорытындысы бойынша Әзербайжаннан келген тәртіп сақшылары жеңімпаз атанды. Команда құрамында Ахадзаде Хаджиали, Рауф Мамедов және команда капитаны Заур Маджидов өнер көрсетті.

Екінші орынды Грузия құрамасы (Торнике Габуния, Зураб Ксоврели, команда капитаны Бесик Какаладзе) иеленсе,

үздік үштікті қазақстандық «Arlan-1» командасы (Арман Аубакиров, Олжас Тугельбаев, команда капитаны Арман Джалдыгулов) түйіндеді.

Турнирдің үздік ойыншысы атағы Қырғызстан өкілі Алмазбек Абакировке бұйырды.

«Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен Тәжікстаннан келген Ильхом Ганизода марапатталса,

«Үздік партия» жүлдесі қазақстандық «Arlan-2» командасының ойыншысы Арман Бектасқа табысталды.

«Бұған дейін бұл турнирді үш жыл бойы республикалық деңгейде өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген тәртіп сақшыларын жинаған едік. Биыл ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен жарыс алғаш рет халықаралық форматта ұйымдастырылды. Жарысқа Әзербайжан, Грузия, Тәжікстан және өзге де елдерден қатысушылар келді. Әзербайжан құрамасында подполковник және гроссмейстер Рауф Мамедовтің ойнауы командаға айтарлықтай басымдық берді деп ойлаймын. Мұндай додалар әртүрлі елдегі әріптестердің жақынырақ танысып, ынтымақтастықты арттыруына жол ашады. Шахмат пен полициядағы қызметтің ұқсастығы көп. Тақта басында да, қызметте де жағдайды дұрыс бағамдап, бірнеше қадам алға ойлау қажет. Сонымен қатар бұл ойын көмегімен стандартты емес шешімдерді табуға болады», – деді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.

«Бұл – менің шетелде қатысып отырған алғашқы шахмат турнирім. Бұрын Грузияда үш-төрт жылдай ойнап, кейін шахматты ұзақ уақытқа қойып кеткен едім. Екі жыл бұрын полицияда қызмет етіп жүріп, сүйікті ойыныма қайта оралдым. Бұл турнир шеберлігімді шыңдауға тағы бір серпін берді. Осындай деңгейдегі жарыста бақ сынау мен үшін үлкен қуаныш, алдағы уақытта да бұл үрдіс жалғасын табады деп сенемін. Себебі шахмат тек құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ғана емес, баршаға пайдалы», – деп әсерімен бөлісті Грузия ІІМ Әкімшілік департаментінің қызметкері Торнике Габуния.

Республикалық турнирде 55 спортшы бақ сынады. Жекелей сында Ақмола облысы полиция департаментінің өкілі Ерлан Тұрымбетов топ жарды. Екінші орынды Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкері Ерғали Сауран иеленсе, үшінші орын Түркістан облысы полиция департаментінің өкілі Паша Османовқа бұйырды. Турнирдегі жалғыз қыз бала, Қостанай қаласындағы ІІМ Академиясының өкілі Аида Жанатбекқызы ерлермен тең дәрежеде бәсекелесіп, жалпы есепте алтыншы орынға тұрақтады және «Турнирдің үздік ойыншысы» атанды. «Үздік партия» жүлдесі Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкері Саят Сатановқа, ал «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы сыйлығы Алматы облысы полиция департаментінің өкілі Құралбай Әбділбековке берілді.

Командалық есепте Түркістан облысы полиция департаментінің құрамасы (Паша Османов, Мәди Ешмұратов, команда капитаны Еркеғали Қуандық) жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды Атырау облысы полиция департаментінің командасы (Шыңғыс Әбдіров, Сайфолла Санжан, команда капитаны Арман Жаңабаев) еншілесе, қола жүлде ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің құрамасына (Қанат Омаров, Әлішер Асатов, команда капитаны Жандос Жақсалықов) бұйырды.

Жарыс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен Freedom компаниялар тобының қолдауымен өтті.

Суреттер: Қазақстан шахмат федерациясы

Сообщение Қазақстанда Arlan Chess Cup 2026 халықаралық шахмат турнирі аяқталды появились сначала на Новости спорта.

14 ел мен 11 халықаралық ұйым: Астанада дипломаттар арасындағы шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталды
Астанада 14 қараша күні дипломаттар мен халықаралық ұйым қызметкерлері келіссөз үстелінде емес, шахмат тақтасы басында бас қосты. Diplomatic Chess Cup 2026 турнирінде әр қатысушы өз стратегиясын таңдады: шабуылға шығу немесе мәмілеге келу. Жарыс жеке есепте өтті.

Coventry University Kazakhstan кампусында 14 елдің және 11 халықаралық ұйымның 43 өкілі бақ сынады. Қатысушылар қатарында елшіліктер мен консулдықтардың, Еуропалық одақ делегациясының, БҰҰДБ, ДДҰ және ФАО-ның, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) хатшылығының қызметкерлері болды. Жүлде қоры 1 миллион теңгені құрады.

Турнирдің бірінші орны мен бас жүлдесін Польша елшілігінің әскери атташесі Славомир Кедзерски жеңіп алды.

Екінші орынды дипломат Марат Ибраимов,

үшінші орынды Германияның Алматыдағы Бас консулдығы қызметкерінің жұбайы Жамбыл Жұпархан иеленді.

Төртінші орынға АӨСШК хатшылығының қызметкері Әлімжан Ахметов,

бесінші орынға АҚШ-тың Астанадағы елшілігінің қызметкері Нұрлан Жумекин тұрақтады.

Әйелдер арасында ең жоғары нәтижені Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Отандастар» қорының өкілі Лашын Жанарбек көрсетті.

Сеньорлар (50 жастан асқандар) арасында Германияның Алматыдағы Бас консулдығының өкілі Юрген Зайц үздік атанды.

Дипломатиялық өкілдіктердің бірінші басшылары арасындағы «Үздік нәтиже» аталымында АӨСШК хатшылығының өкілі, елші Алхиасат Мутаз жеңімпаз болды.

Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған турнирдің басты мақсаты – дипломаттарға ресми кездесулерден тыс бейресми жағдайда танысып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік беру.

«Бұл – Қазақстан шахмат федерациясының бастамасы. Шахмат түрлі ұлт өкілдерін біріктіретінін көріп жүрміз, сондықтан турнирде достық пен өзара құрмет атмосферасын орнатқымыз келеді. Жыл сайын түрлі елдердің елшіліктері мен консулдықтары зор қызығушылық танытады. Олар шахматты жақсы көреді, тақта басында бәсекелесіп қана қоймай, ортақ тіл де табады», – деді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.

«Шахмат пен дипломатия қатар жүреді. Екеуінде де стратегиялық ойлау, нұсқаларды таразылау және келесі жүрістің қандай нәтижеге апаратынын болжау маңызды. Freedom үшін мұндай турнирлерді қолдау үлкен мәртебе. Барлық қатысушыға қызықты партиялар мен сәттілік тілеймін!» – деді Freedom Bank-тің Астанадағы басшысы Ардақ Елеусізов.

Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дәуленов шахматтың айрықша ерекшелігіне назар аударды: тіпті алмағайып кезеңдерде де ойын ережесі бәріне бірдей түсінікті, ал қателіктің салдары тақтада анық көрінеді. Университет түрлі шахмат жарыстарына есігін айқара ашып қана қоймай, өзінің Phoenix Chess Cup турнирін де өткізеді. Оның жеңімпазы оқу орнында білім алу грантын иеленеді.

«Біз үшін турнирдің дәл Coventry University Kazakhstan қабырғасында өтуі ерекше маңызды. Университетте дипломатиялық клуб жұмыс істейді, онда апта сайын екі-үш елші студенттерге дәріс оқиды. Ойынға қатысу туралы шақыртуды 14 елшілік қабыл алды. Қатысушылар үшін бұл бақ сынау алаңы ғана емес, сонымен қатар әлемде болып жатқан оқиғаларды талқылап, пікір алмасудың да мүмкіндігі. Шахмат студенттер өмірінің бір бөлігіне айналғанын қалаймыз. Үнемі шахмат ойнайтын студенттердің шешім қабылдауда сенімдірек екенін, стратегиялық ойлауды талап ететін тапсырмаларды жақсы орындайтынын байқап жүрміз. Сондықтан университетте шахматты дамытып, мұндай турнирлерді тұрақты өткізгіміз келеді», – деді Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дәуленов.

Diplomatic Chess Cup 2026 қатысушыларының кейбірінің шахмат тәжірибесі дипломатиялық еңбек өтілінен ұзағырақ болып шықты. Германияның Алматыдағы Бас консулдығының өкілі Юрген Зайц дипломаттар арасында турнирлерді өзі де үнемі ұйымдастырады, сондықтан дайындық жұмыстарының қаншалықты ауқымды екенін жақсы біледі.

«Мен Алматыда дипломаттар арасында шахмат турнирлерін өзім ұйымдастырамын, сондықтан Астанадағы әріптестерімнің қаншама еңбек сіңіргенін жақсы түсінемін. Турнирден түсірілген әдемі суреттерге қарағанда, олардың артында орасан зор жұмыс тұрғанын ұмытпаңыздар. Мені қайта қонаққа шақырғаны үшін Қазақстан шахмат федерациясына алғыс айтамын. Шахматты алты жасымнан, яғни 55 жыл бойы ойнаймын. Бірақ әлі күнге дейін шебер ойнаймын деп айта алмаймын. Дегенмен мен үшін басты мақсат жеңу емес, қызықты адамдармен танысып, жаңа тәжірибе алу», – деді Германияның Алматыдағы Бас консулдығының өкілі Юрген Зайц.

Польшаның Қазақстандағы әскери атташесі Славомир Кедзерски шахматты өзі үшін жай ғана әуестік емес, шынайы қызығушылық санайтынын айтады.

«Бұл – менің Қазақстандағы екінші дипломатиялық турнирім. Бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бәсеке тартысты болғанымен, достық атмосфера сақталады деп ойлаймын. Мен үшін шахмат жай қызығушылықемес, нағыз сүйікті ісім. Көп жылдан бері ойнаймын, бірақ қазір уақыт тапшы. Қазақстанда біршама рейтинг ұпайынан айырылдым, оларды қарсыластарыма сыйға тарттым десем де болады. Әсіресе жастар өте мықты ойнайды. Қазақстанда шахмат қарқынды дамып келе жатқаны байқалады. Осы орайда Қазақстанның әйелдер құрамасын Олимпиадада қатарынан екі рет күміс медаль жеңіп алуымен құттықтағым келеді, бұл – орасан зор жетістік», – деді әскери атташе Славомир Кедзерски.

Турнирді Қазақстан шахмат федерациясы мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «Астана» дипломатиялық клубының, Freedom компаниялар тобының және Coventry University Kazakhstan қолдауымен ұйымдастырды.

Суреттер: Қазақстан шахмат федерациясы

Сообщение 14 ел мен 11 халықаралық ұйым: Астанада дипломаттар арасындағы шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталды появились сначала на Новости спорта.

Мектеп бағдарламасына шахмат енгізудегі Қазақстан тәжірибесі шетел мемлекеттеріне үлгі: Алматыда әлемдік сарапшылар бас қосты
Бүгінде елімізде 133 мыңнан астам оқушы шахматпен жүйелі түрде шұғылданады. Қазақстанның бұл бағыттағы бірегей тәжірибесіне шетелдік мамандар да ерекше қызығушылық танытып отыр. Алматыда 12 қараша күні Нархоз университетінде «Білім берудегі шахмат» атты IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады. Алқалы жиынға түрлі елдердің шахмат федерациялары мен университеттерінің өкілдері, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі мен өңірлік білім басқармаларының қызме

Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Іс-шараға Сирия, Уганда, Пәкістан, Испания, АҚШ және тағы басқа мемлекеттерден делегаттар келді. Қатысушылар қатарында ұлттық шахмат федерацияларының басшылары, FIDE мамандары, зерттеушілер мен ұстаздар бар.

Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Жиын барысында Қазақстан шахматты білім беру жүйесіне кіріктіру нәтижелерін таныстырды. Қазіргі таңда бағдарлама елдегі 2 509 мектепті және бастауыш сыныптың 133 812 оқушысын қамтиды. Арнайы даярлықтан 5 886 педагог өткен.

Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

«Бұл – Қазақстан үшін үлкен жетістік. Қол жеткізген нәтижелерімізді мақтан тұтамыз және қолдау көрсеткені үшін Оқу-ағарту министрлігі мен министр Жұлдыз Сүлейменоваға алғыс білдіреміз. Еліміз өз тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, халықаралық шахмат қауымдастығымен кәсіби байланыстарды нығайтуда. Бүгін бізге Сирия шахмат федерациясының президенті Али Аббас, Каталония шахмат федерациясының президенті Рамон Чалмета Угас, Уганда шахмат федерациясының президенті Эндрю Нквасибве, Пәкістан шахмат федерациясының бас хатшысы Раджа Гаухар Икбал және АҚШ мамандары келіп отыр. Олардың әрқайсысы шахмат білімін дамытудағы өз үлгісін ұсынуда. Біз үшін өз жетістіктерімізді көрсетумен қатар, өзге елдердің әдіс-тәсілдерін зерделеу де маңызды. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, іскерлік байланысты арттыруға және шахматты әлем балаларына барынша қолжетімді ету жолында бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік береді», – деді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.

Конференцияның негізгі бағыттарының бірі – қазақстандық тәжірибені шетелде қолдану. Халықаралық мектеп шахматы федерациясы білім беру департаментінің директоры Ділдә Наурызбаева Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде қолға алынатын жаңа жобалар туралы баяндады.

Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Аталған федерация қазірдің өзінде Пәкістанға шахмат білімін дамытуға қолдау көрсетіп келеді. Алдағы уақытта Сирияда пилоттық жобаны іске қосу жоспарланған. Онда шахмат білім беру жүйесін қалпына келтіру құралы ретінде қарастырылып отыр. Осыған ұқсас бастамалар Коста-Рика, Уругвай және Никарагуада да әзірленуде.

«Қазақстан шахматты білім беру саласына енгізуде бірегей тәжірибе жинақтады. Елде педагогтер даярланып, әдістемелік орталықтар дамуда, балаларды оқытудың жүйелі моделі қалыптасты. Бүгінде өзге мемлекеттер осы үлгіге бет бұруда. Дегенмен біздің мақсатымыз – дайын модельді сол күйі көшіру емес, озық тәжірибелерді әр елдің ерекшелігіне бейімдеу. Мектепте шахмат үйренетін балалар көбейген сайын, дарынды жастарды табу мүмкіндігі де арта түсетініне сенімдіміз. Он мың оқушының арасынан бір-екі болашақ чемпион шықса, соның өзі үлкен олжа. Халықаралық мектеп шахматы федерациясы – дүниежүзі бойынша жұмыс істейтін ірі ұйым. Президентіміз Тимур Русланұлы Турлов жарыс шахматына да, білім беру бағытына да баса назар аударады. Ол Қазақстан шахмат федерациясын басқарады, ал осы жылдың қыркүйек айынан  бастап FIDE президенті қызметіне кірісті. Бұл – шахматты кеңінен насихаттап, әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қолжетімді етуге жол ашатын тарихи мүмкіндік», – деп атап өтті Ділдә Наурызбаева.

Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Уганда шахмат федерациясының президенті Эндрю Бакиза Нквасибве де өз еліндегі жұмыс барысымен бөлісті. Онда шахмат әр өңірдегі жекелеген мектептерден бастап кезең-кезеңімен енгізілуде: алдымен мұғалімдер оқытылып, кейін олар балаларға ойын ережелерін үйретеді. Келесі сатыда мектеп клубтары ашылып, өзара жарыстар ұйымдастырылады.

«Біз елдің әр өңірінен мектептерді іріктеп алып, ұстаздарды шахматқа баулимыз. Кейін олар алған білімін оқушыларға жеткізеді. Қатысушылар саны жеткілікті деңгейге жеткенде мектеп клубтары құрылып, өзара бәсекеге түседі. Осылайша шахмат біртіндеп кең таралуда», – деді Эндрю Бакиза Нквасибве.

Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Конференция бағдарламасы педагогтер даярлау, шахматтың баланың ойлау қабілеті мен зияткерлік әлеуетіне әсері, цифрлық технологияларды қолдану және осы саланы дамытудағы әйелдердің рөлі сынды өзекті мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар сарапшылар шахматтың оқушылардың когнитивтік дағдыларына ықпалы жөніндегі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талқылайды.

Жиын аясында Халықаралық мектеп шахматы федерациясы мен Сирия және Уганда шахмат федерациялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жоспарланған.

Жиын аясында Халықаралық мектеп шахматы федерациясы мен Сирия және Уганда шахмат федерациялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жоспарланған.

«Білім берудегі шахмат» IV халықаралық конференциясы Қазақстан Президентінің тапсырмасымен ҚР Үкіметі бекіткен «Қазақстанда шахматты дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында өтуде.

Сообщение Мектеп бағдарламасына шахмат енгізудегі Қазақстан тәжірибесі шетел мемлекеттеріне үлгі: Алматыда әлемдік сарапшылар бас қосты появились сначала на Новости спорта.

Астанада «Келешек мектептері» республикалық командалық шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталды
Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Астанада мектеп оқушылары арасында өткен «Келешек мектептері» республикалық командалық шахмат турнирі мәресіне жетті. Бас жүлдені елордалық №117 мектеп командасы жеңіп алды.

Ауқымды додаға еліміздің түрлі өңірінен 24 команда қатысты. Екі күнге созылған зияткерлік сайыста 96 оқушы бақ сынап, командалық және жекелей есепте ең үздіктерді анықтады.

«Қазақстан шахмат федерациясы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен мектеп оқушылары арасында «Келешек мектептері» республикалық турнирін өткізіп отыр. Осы  бастаманы қолдағаны үшін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға алғыс білдіреміз. Бүгінде шахмат «Келешек мектептері» жобасы аясындағы 217 білім ордасының 174-інде оқу бағдарламасына енгізілген. Бурабайдан басталған іріктеу  жарысының қорытынды кезеңіне 20 өңірден келген мектеп командалары жиналды. Әсіресе ауыл мектептерінен келген балалардың қуанышын көру – біз үшін үлкен мәртебе әрі жұмысымызды одан әрі жалғастыруға серпін береді. Сонымен қатар турнирге демеушілік жасаған бас серіктесіміз Freedom Holding Corp. компаниясына ризашылығымызды білдіреміз», – деді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.

Турнир қорытындысы бойынша І орынды елордалық №117 мектеп құрамасы (Абдиәли Әбішев, Санжар Бақытжан, Әлмир Малик және Марьям Исабай) иеленді. ІІ орын Астанадағы №111 мектеп командасына (Аслан Мешитбаев, Әлихан Әбдірасыл, Иса Айтжан және Кәусар Мустафакул) бұйырса, ІІІ орынды Алматы қаласындағы №215 мектептің оқушылары (Алан Сағади, Жасмин Ілияс, Хазрет Ілияс және Айша Әбілашім) еншіледі.

Облыстық есепте жеңіс тұғырына Абай облысының №51 мектеп командасы (Әділжан Хамитов, Мұхаммед Тұрғанбек, Арыстан Мұрат және Дильназ Идрисова) көтерілді. ІІ орынды Қарағанды облысы №12 мектебінің құрамасы (Саян Ләткен, Ерсайын Кунадилов, Ақжан Сағынтай және Жания Аман) иеленсе, ІІІ орынға Ақтөбе облысынан келген «Сазды ОМ» командасы (Руслан Мартыненко, Тоғжан Кошенова, Самина Кошенова, Толғанай Кошенова) табан тіреді.

Сондай-ақ турнир қорытындысы бойынша жекелей есепте де үздік ойыншылар анықталды.

Тақталар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

1-тақта:

Айбарыс Хабыл – Ақмола облысы

Нұрислам Қанатұлы – Түркістан облысы, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп

Аслан Мешитбаев – Астана қаласы, №111 мектеп

2-тақта:

Санжар Бақытжанұлы – Астана қаласы, №117 мектеп

Ерсайын Кунадилов – Қарағанды облысы, №12 мектеп

Тоғжан Кошенова – Ақтөбе облысы

3-тақта:

Арыстан Мұрат – Абай облысы, №51 мектеп

Ақжан Сағынтай – Қарағанды облысы, №12 мектеп

Әлмир Малик – Астана қаласы, №117 мектеп

4-тақта:

Айша Әбілашім – Алматы қаласы, №215 мектеп

Гүлжайнар Уахит – Атырау облысы, М. В. Ломоносов атындағы мектеп

Кәусар Мустафакул – Астана қаласы, №111 мектеп

Жарыстың финалдық кезеңі №100 «Келешек мектебі» базасында өтті. Ұйымдастырушылар – ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Қазақстан шахмат федерациясы. Іс-шара Freedom компаниялар тобының қолдауымен өтті.

Республикалық финалға қазан айында ел аймақтарындағы «Келешек мектептерінде» өткен іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары жолдама алды.

««Келешек мектептері» жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған. Жобаның басты мақсаттарының бірі – балаларды жан-жақты дамыту. Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп, алғаш рет мектеп және өңірлік іріктеуден өткен үздік командалардың басын қосқан республикалық турнир өткізіп отырмыз. Келешек мектептерінің оқушылары арасында шахматқа деген қызығушылық өте жоғары. Ең бастысы – бұл ұжымдық жарыс. Мұнда әр қатысушы өзі үшін ғана емес, командасы үшін жауап береді. Ойын барысында «мен» емес, «біз» деген ұғым бірінші орынға шығады. Шахмат балаларды бірнеше қадам алға ойлауға, өз шешіміне жауапты болуға және қарсыласты құрметтеуге баулиды. Біз оқушылардың шахматпен және басқа да зияткерлік ойындармен айналысуына барынша жағдай жасауды көздейміз», – деп атап өтті Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның «Келешек» мектептерін басқару орталығының директоры Ақмарал Жұмықбаева.

Қазақстан шахмат федерациясының Білім беру жобалары департаменті директорының орынбасары Сабыржан Малеевтің айтуынша, «Білім берудегі шахмат» бағдарламасы «Келешек мектептерінде» жүйелі түрде енгізіліп жатыр. Өткен оқу жылында бұл бағдарлама 26 мектепте қолға алынса, биылғы оқу жылында «Шахмат негіздері» пәні тағы 148 мектепке енгізілді.

«Шахмат бағдарламасы оқушылардың когнитивті қабілеті мен стратегиялық ойлау дағдыларын дамытуға үлкен септігін тигізеді. Жаттықтырушылар мен мұғалімдер балалардың үзілісте смартфонды ұмытып, шахмат ойнап отырғанын жиі байқайды. Бұл қуантарлық жайт. Мұндай дағдылар олардың болашақ білім алу үдерісіне сөзсіз көмектеседі», – деді Сабыржан Малеев.

Қатысушылар үшін бұл финал басқа өңірдегі мықты мектеп командаларымен шеберлік байқасуға мүмкіндік берді.

«Астанадағы жарысқа шақырылғанымызға өте қуаныштымыз. Петропавл қаласында іріктеуден өтіп, №29 мектеп командасын жеңіп, 1-ші орын алдық. Соның арқасында республикалық турнирге жолдама алдық. Әрине, бұл додада да топ жарып, бірінші орын алуды мақсат етіп отырмыз. Мен шахматпен 2019 жылдан бері айналысамын. Бұл спортқа деген сүйіспеншілігім әкем мен атама еліктеуден басталды», – деді Петропавл қаласындағы №27 мектептің оқушысы София Морозова.

«Келешек мектептері» республикалық турнирі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Қазақстан шахмат федерациясының жаңа мектептерде шахмат білімін дамыту бағытындағы жүйелі әріптестігінің жемісті жалғасы болды.

Сообщение Астанада «Келешек мектептері» республикалық командалық шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталды появились сначала на Новости спорта.

Қорғалжын ауданында екі жаңа шахмат сыныбы ашылды
Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Қорғалжын ауданының жүздеген оқушысы үшін шахмат енді оқу үдерісінің ажырамас бөлігіне айналмақ. Аудан орталығындағы екі білім ұясында арнайы жабдықталған шахмат сыныптары есік ашты. Мұнда балалар ойын шеберлігін шыңдап қана қоймай, логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамыта алады.

Қорғалжын мектеп-гимназиясы мен Ақтан Төлеубаев атындағы мектепте ашылған жаңа сыныптар шахмат тақталарымен, фигура жиынтықтарымен және оқу-әдістемелік құралдармен толық жабдықталды. Биылдан бастап қос мектептің бірінші сынып оқушылары «Шахмат негіздері» пәнін оқуға кірісті.

Игі бастаманың жүзеге асуына Қорғалжын өңірінің тумалары – Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов пен Федерацияның өңірлік координация және даму бөлімінің басшысы Дархан Аманкелді ұйытқы болды.

Бұл бастаманың қос азамат үшін де маңызы зор. Дәрмен Сәдуақасовтың атасы Бименде Сәдуақасов Қорғалжын ауданынан шыққан белгілі мемлекет және қоғам қайраткері. Ал Дархан Аманкелдінің атасы Амангелді Ыбырай өмірін ағартушылыққа арнап, ұзақ жылдар бойы аудан мектептері мен аудандық атқару комитетін басқарған, «Қорғалжын ауданының құрметті азаматы» атағын алған. Бүгінде олардың ұрпақтары әулет дәстүрін жалғастырып, туған өңірдің дамуына үлес қосып келеді.

«Білім берудегі шахмат» бағдарламасы Қазақстан шахмат федерациясының негізгі стратегиялық басымдықтарының бірі. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен бұл жоба төртінші жыл қатар жүзеге асырылып, бүгінде еліміздің 2,5 мың мектебіне енгізілді. Шахмат сыныптарын дәл осы Қорғалжында ашу біз үшін үлкен қуаныш. Бұл – интеллектуалды ұлт қалыптастыруға қосқан үлесіміз. Осы жерден жаңа чемпиондар шығатынына кәміл сенімдіміз. Ең бастысы – балалардың шахматпен айналысып қана қоймай, сапалы білім алуға, өзін-өзі дамытуға деген ынтасы артады. Өңірлердегі мұндай жүйелі қадамдар Федерация жұмысының ауқымды нәтижесін көрсетеді», – деді Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов.

Аудан басшылығы бұл бастама әлі де жалғасын табады деп отыр. Алдағы уақытта аудандағы тағы 11 мектепте осындай арнайы сыныптарды ашу жоспарланған.

«Бүгін ауданымыз үшін маңызды оқиға орын алды. Президенттің шахмат спорты мен жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында мектеп-гимназия мен А. Төлеубаев атындағы мектепте заманауи сыныптар ашылды. Бұл шахмат бөлмелері балаларымыздың қабілеттерін ұштауға жол ашады. Осы оң тәжірибені аудандағы қалған 11 мектепке тарату және Қорғалжында шахмат спортын жүйелі түрде дамыту жөнінде уағдаластыққа қол жеткіздік», – деп бөлісті аудандық білім бөлімінің басшысы Жәнібек Бейлғожин.

Ал Дархан Аманкелді туған өлкеге қолдау көрсету әрбір азаматтың қолынан келетінін атап өтті.

«Әрбір адам туған жерінің өркендеуіне өз үлесін қоса алады деп есептеймін. Ол үшін ірі кәсіпкер болу шарт емес, туған өңірге, өзің білім алған алтын ұяңа деген ыстық ықылас болса жеткілікті. Қорғалжында шахмат сыныптарын жабдықтау – бұл балаларымыздың болашағына салынған инвестиция. Өскен өлкеге деген құрмет сөзбен емес, нақты іспен дәлелденуі тиіс. Сондықтан әрбір азаматты өсіп келе жатқан ұрпақты мүмкіндігінше қолдауға шақырамын», – деді ол.

Мектеп директорлары Нұрлан Тәжин мен Дәулет Әлімбеков жаңа сыныптар тек сабақ өтуге ғана емес, сонымен бірге үйірме жұмыстарын жүргізуге, мектепшілік жарыстар ұйымдастыруға және жас шахматшыларды даярлауға қолданылатын алаң екенін атап өтті.

Аталған бастама Қазақстан шахмат федерациясы 2023 жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан «Білім берудегі шахмат» республикалық бағдарламасының құрамдас бөлігі. Бүгінде жоба еліміздің 2,5 мың мектебіндегі 133 мыңнан астам оқушыны қамтып отыр.

Сообщение Қорғалжын ауданында екі жаңа шахмат сыныбы ашылды появились сначала на Новости спорта.

Алматыда «Білiм берудегi шахмат» атты халықаралық конференция өтеді
Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

12–13 қарашада Алматыда Narxoz Университетінде «Білiм берудегi шахмат» IV халықаралық конференциясы өтеді. Ауқымды шара ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Үкімет бекіткен Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылуда. Конференцияның басты мақсаты – мектептегі шахмат қозғалысының ауқымын кеңейту, педагогтердің әдістемелік дайындығын жетілдіру жәнешахматты елдің оқу-ағарту үдерісіне жүйелі түрде кіріктіру.

Конференцияға Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) және Қазақстан шахмат федерациясының Президенті Тимур Турлов, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі жетекші сарапшылар қатысады. Спикерлер қатарында: Anzel Laubscher – ФИДЕ «Шахмат білім беру саласында» комиссиясының мүшесі, Оңтүстік Африкадағы білім берудегі шахмат бойынша аға нұсқаушы; Dr. JonathonQuest – Вебстер университетінің шақырылған ассоцияланған профессоры; Ali Abbas – Сирия шахмат федерациясының Президенті, білім берудегі шахмат бойынша FIDE лекторы; Ramon Chalmeta Ugas – Каталония шахмат федерациясының Президенті, білім берудегі шахмат саласының сарапшысы және басқалар.

Конференцияға қатысушылардың басты назарында шахматты оқушылардың когнитивті дағдыларын, сыни ойлауын және математикалық қабілеттерін дамытудың тиімді құралы ретінде зерттеу, сондай-ақ мыңдаған педагогті даярлау мен шахмат бағдарламаларын мектептің оқу жоспарларына енгізудің тәжірибелік мәселелері болмақ. Шахматты әйелдер арасында дәріптеуге және оқу-тәрбие үдерісіне заманауи цифрлық технологияларды енгізуге де ерекше басымдық беріледі.

Екі күндік конференция бағдарламасында панельдік сессиялар, заманауи оқыту бағдарламаларының таныстырылымдары және білікті мамандардың шеберлік сыныптары жоспарланған. Онда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, халықаралық сарапшылар, әдіскерлер мен педагогтер қауымдастығы шахматты қазақстандық мектептерге енгізудің аралық нәтижелерін талқылап, одан әрі дамыту бағыттарын айқындайды.

Алдағы іс-шара балалар мен жасөспірімдерге білім беру саласындағы ведомство аралық әрі халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың, сондай-ақ Қазақстанда зияткерлік спорт түрлерін бұқараландырудың маңызды қадамына айналады.

Сообщение Алматыда «Білiм берудегi шахмат» атты халықаралық конференция өтеді появились сначала на Новости спорта.

Finance Chess Cup 2026: жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды
Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне арналған Finance Chess Cup 2026 шахмат турнирі мәресіне жетті. Екі күн бойы мемлекеттік орган өкілдері мен қаржы саласының мамандары зияткерлік додада өзара мықтыны анықтады.

Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

30–31 қазан күндері өткен жарысқа еліміздің әртүрлі өңірлерінен 150-ге жуық қатысушы жиналды. Турнирге Ұлттық Банк, Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Жоғары аудиторлық палата, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Мемлекеттік кірістер комитеті және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 кезең бойынша өтті. Уақыт бақылауы 15 минут, әр жүріс үшін 10 секунд косылып отырды. Әр команда құрамында 3 шахматшы (екі ер адам және бір әйел) болды.

Жарыстың басты жүлдесі ауыспалы кубокты Шымкент қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Олжас Кенжебай, Данияр Ермекұлы және Ләззат Рамазановадан құралған команда жеңіп алды.

Жүлделі 2-ші орынды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің командасы: Андрей Байскаков, Қанат Искабулов, Гүлнұр Әшимова иеленді.

Ал 3-ші орын Түркістан облысының құрамасының өкілдері: Ильяс Абуов, Исатай Рахымбай және Раушан Бейсебаеваға бұйырды.

Сонымен қатар жекелей есеп бойынша да үздіктер анықталды.

Бірінші тақтада Түркістан облысының өкілі Ильяс Абуов топ жарса, екінші орынды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен Андрей Байскаков, ал үздік үштікті «Қазақстанның депозитке кепілдік беру қоры» АҚ қызметкері Бейбіт Досумов түйіндеді.

Екінші тақтада Шымкент қаласынан келген Данияр Ермекұлы жеңімпаз атанды, күміс жүлде ҚР ҚМ Мемлекеттік қазынашылық комитетінің өкілі Мұрат Мамировқа, қола жүлде Түркістан облысынан Исатай Рахымбайға бұйырды.

Үшінші тақтада Экономикалық зерттеулер институтының өкілі Дана Қабылханова алтыннан алқа тақса, екінші орынды Мемлекеттік несие бюросынан Асылжан Қабибулла, ал үшінші орынды Жетісу облысының намысын қорғаған Жұлдыз Сүлейменова иеленді.

Қаржыгерлердің айтуынша, дәстүрге айналған бұл турнирге қатысушылар қатары жыл сайын артып келеді.

«Бұл жарыс жыл сайын әртүрлі ұйымдардағы әріптестердің басын қосып, кәсіби байланыстарды нығайтып, достыққа жол ашады. Өткен жылмен салыстырғанда биыл Жоғары аудиторлық палата, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық экономика министрлігі мен өзге де көптеген мекемелердің командалары қатарымызға қосылды», — деді ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ернар Ержанов.

Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Марат Есенов корпоративтік жарыстар елдегі шахматты бұқаралық спортқа айналдырудың жүйелі бір бөлігі екенін атап өтті.

«Басты мақсатымыз — шахмат ойынын кеңінен насихаттау. Соңғы жылдары елімізде шахмат қарқынды дамып келеді. Осы орайда бірнеше кешенді бағдарламаны, соның ішінде дарынды жастарды қолдау мен «Білім берудегі шахмат» жобасын жүзеге асырудамыз. Бұдан бөлек, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау өкілдері және өзге де сала қызметкерлері арасында турнирлер өткізіліп тұрады. Мұндай жарыстар барша шахмат сүйер қауымды бір арнаға тоғыстырады».

Шахматты әрі қарай дамыту үшін тек турнирлер өткізіп қана қоймай, білікті мамандарды даярлау да өте маңызды. Дүбірлі додаға алаң ұсынған Қазақ ұлттық спорт университеті Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп, шахмат пен тоғызқұмалақты ұштастырған бірегей білім беру бағдарламасын әзірлеген.

«Университетімізде шахмат пен тоғызқұмалақты біріктіретін, Қазақстан үшін сирек кездесетін білім беру бағдарламасы жұмыс істейді. Ол педагогтер мен жаттықтырушыларды даярлауға, олардың әдістемелік әрі кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған. Студенттер оқыту теориясы мен әдістемесін, жаттығу үдерісін ұйымдастыруды, спортшылардың техникалық, тактикалық және психологиялық дайындығын, сондай-ақ төрешілік пен жарыс өткізу негіздерін меңгереді. Бүгінде бұл бағдарлама бойынша 34-тен астам студент білім алуда. Былтыр алғашқы түлектеріміз оқуын аяқтады, олардың арасында танымал шахматшылар Меруерт Камалиденова, Қазыбек Ногербек және Амина Қайырбекова бар. Бағдарлама теория мен тәжірибені ұштастыруға мүмкіндік беретін дуалды оқыту жүйесін қарастырады», — деді Қазақ ұлттық спорт университетінің деканы Жақсат Кенжин.

Қазақ ұлттық спорт университеті болашақ жаттықтырушылар мен ұстаздарды даярлап қана қоймай, шахмат жарыстарының өтуіне белсенді қолдау білдіріп келеді. Атап айтқанда, оқу орны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Freedom компаниялар тобының қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған Finance Chess Cup 2026 турнирінің серіктестерінің бірі болды.

Сообщение Finance Chess Cup 2026: жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды появились сначала на Новости спорта.

Астанада республикалық «Зияткер ұстаз» шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталды
Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Астанада «Зияткер ұстаз» республикалық блиц-турнирінің финалдық кезеңі мәреге жетті. Бәсекеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген бастауыш сыныптың 100 мұғалімі қатысты. Олардың барлығы «Білім берудегі шахмат» бағдарламасы аясында мектептерде сабақ береді.

Турнир Қазақстан шахмат федерациясы Freedom холдингі және Қазақстан спорт ұлттық университетінің қолдауымен өтті. Үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан доданың финалистері бұған дейін аймақтық іріктеу кезеңдерінен өткен болатын. Жарыстың жалпы жүлде қоры 2 миллион теңге.

Турнир жеңімпазы атанып, 150 мың теңгелік бас жүлдені Қарағанды облысының өкілі Әшей Ниғами жеңіп алды. Екінші орынды алматылық Жұлдыз Есенбаева еншілесе, үшінші орынға Павлодар облысынан келген Виктория Серебрякова ие болды.

Үздік ондыққа енген қатысушылар:

4-орын – Бахытгүл Бижанова, Ақтөбе облысы;

5-орын – Диана Копабаева, Астана қаласы;

6-орын – Амандық Зейнуллин, Солтүстік Қазақстан облысы;

7-орын – Гүлбаршын Кенжеғалиева, Атырау облысы;

8-орын – Ұлжан Азаматқызы, Алматы облысы;

9-орын – Бахытберд Халыхбай, Ақмола облысы;

10-орын – Замира Куванова, Маңғыстау облысы.

Сондай-ақ еліміздің өңірлерінен келген үздік мұғалімдер арнайы номинациялармен марапатталды. Олардың әрқайсысына 50 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. Елу жастан асқан педагогтер арасындағы «Тәжірибе мен даналық» арнайы номинациясын Қызылорда облысының өкілі Ажаркүл Абдуллаева жеңіп алды.

Бүгінде «Білім берудегі шахмат» бағдарламасы Қазақстандағы 2 509 мектепті, 133 812 оқушыны және 5 мыңнан астам педагогті қамтып отыр. Мектеп шахматын дамыту жұмыстары ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Карамбаев бұл жобаның алдағы уақытта да жан-жақты дамитынын атап өтті.

«Қазіргі цифрлық дәуірде, балалардың интернет пен гаджеттерге тәуелді кезеңінде бұл ойын олардағы сабырлылық пен сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыруға аса зор септігін тигізеді. Сондықтан министрлік бұл жобаны болашақта да дамытуды жоспарлап отыр», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Карамбаев.

Бағдарламада ауыл мектептеріне баса мән беріледі. Бүгінде шахмат пәні оқытылатын 2 509 білім ордасының 1 623-і ауылдық жерде, ал 886-сы қалаларда орналасқан. Бұл шалғай елді мекендердегі балаларға ірі қалалардың құрдастарымен тең дәрежеде шахмат үйренуге мүмкіндік береді.

Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Марат Есеновтің айтуынша, 2023 жылы небәрі 42 мектеп пен мыңға жуық оқушыдан бастау алған бағдарлама бүгінде ауқымын 130 еседен астам кеңейткен.

«Бүгінде біз болашақ шахмат оқытушыларын даярлайтын педагогикалық жоғары оқу орындарымен тығыз жұмыс істейміз. Бұл бағыт бойынша қазірдің өзінде 744 студент білім алуда. Елімізде жеті мыңнан астам мектеп бар, демек, бағдарламаны әрі қарай өркендетуге әлеуетіміз зор. Сондай-ақ біз өз тәжірибемізді өзге ұлттық федерациялармен де бөлісіп келеміз. Караша айында Алматы қаласында білім беру саласындағы шахматқа арналған халықаралық конференция өтеді», – деді Марат Есенов.

«Зияткер ұстаз» турнирі педагогтердің ойын шеберлігін шыңдап қана қоймай, тәжірибе алмасуға және пікірлес жандардың басын қосуға үлкен мүмкіндік береді.

«Біз тек балаларды оқытып қоймай, өзіміз де бұл бағытта үздіксіз дамуымыз қажет. Бұл турнир бізге тек жеңіс пен жетістік емес, үлкен орта сыйлайды. Үш жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл сайысқа жыл сайын келетін қатысушылардың арасында берік достық қалыптасты», – дейді турнир қорытындысы бойынша Астана қаласының үздік педагогі атанған Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Меруерт Темірова.

Көптеген ұстаз үшін республикалық финалға қатысу жақсы дәстүрге айналған. Өткен жылы жетінші орын алған Абай облысы Семей қаласындағы № 27 мектептің мұғалімі Орынтай Сарқытбекова биыл да бағын сынап, Абай облысының үздік педагогі атағына ие болды.

«Әріптестерімді осындай турнирлерге белсене қатысуға шақырамын. Тек оқушыларды оқытып қоймай, өздеріңіз де дамып, алға ұмтылыңыздар, мүмкіндіктеріңізді көрсетіңіздер!» – дейді ұстаз.

Сообщение Астанада республикалық «Зияткер ұстаз» шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталды появились сначала на Новости спорта.

KazChess Masters Almaty турниріне гроссмейстерлер, Әлем чемпионаттары мен Шахмат олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жиналды
Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Алматыда KazChess Masters Almaty 2026 халықаралық турнирі басталды. Ауқымды додаға аты аңызға айналған гроссмейстерлер, Әлем чемпионаттары мен Шахмат олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері келіп, елдің ең үздік шахматшыларымен 25 миллион теңгелік жүлде қоры үшін он қатысушы бақ сынайды.

«Әлемдік деңгейдегі дарынды ойыншылар мен отандық шахматшылардың бәсекесі бізге, ұйымдастырушылар ретінде, олардың шеберлігі мен әлеуетін саралауға мүмкіндік береді. Бұл турнир жаңа айтулы нәтижелер сыйлайды, ал спортшыларымыз лайықты қарсылық көрсетіп, тіпті бірқатар партияларда жеңіске жетеді деп сенеміз. Мұндай тартысты ойынды тамашалау үшін мұнда шахмат сүйер қауым жиналады деп ойлаймын. Алматылықтар үшін өз отандастарына жанкүйер болып, өте жоғары деңгейдегі ойынды өз көзімен көруге тамаша мүмкіндік туып отыр. Ал біз федерация ретінде жаттықтырушылар штабымызбен бірге тиісті қорытынды жасаймыз, өйткені екі жылдан кейін өтетін кезекті Шахмат олимпиадасына ерлер құрамасының жаңа құрамын дайындап жатырмыз. Бұл жұмысқа өте салмақты бет бұрдық. Осындай деңгейдегі тартыс біздің құраманың, соның ішінде ерлер командасының да біртіндеп әлемдегі ең мықтылардың біріне айналуына үміт сыйлайды», – дейді Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов.

Турнир 26 қазан мен 3 қараша аралығында Алматыдағы Coventry University Kazakhstan оқу орнында өтуде.

«Бүгінде мемлекетіміздің Үкіметі де зияткерлік дамудың маңыздылығын тұрақты түрде атап өтуде. Соған байланысты университетімізде осындай ойы жүйрік, дарынды тұлғалардың бас қосуына өте қуаныштымыз. Жалпы, біз бұл үдерістегі жоғары оқу орындарының рөлін негізгі факторлардың бірі деп білеміз, бірақ ол мықты индустриялық серіктестік орнатпайынша мүмкін емес. Алдағы уақытта да Федерациямен бірлесіп, кампусымызда осындай ауқымды шараларды өткізуге қуанышты боламыз. Өйткені бұл үлкен шабыт пен өнеге. Бүгінде болашағымыз жастарымыздың білімін, талантын және ой-өрісін қалай дамытатынымызға тікелей байланысты», – дейді Coventry University Kazakhstan оқу орнының операциялық директоры Әйгерім Райымжанова.

Шақырылған қатысушылар арасында Әзербайжанның үш дүркін чемпионы (2019, 2022 және 2026 жылдары) Махаммад Мурадли бар. Ол 2026 жылдың ақпанында ұлттық біріншіліктің финалында белгілі гроссмейстер Шахрияр Мамедьяровты жеңген еді. Сонымен қатар, рапидтен 2018 жылғы Әлем чемпионы, өзінің шабуылдаушы стилімен және тақтадағы батыл шешімдерімен танымал Даниил Дубов та бар. Өзбекстан намысын Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының екі дүркін жеңімпазы (2022 және 2026) Шамсиддин Вохидов қорғайды. Ол 2024 жылы Будапеште өткен Олимпиадада жекелей сында алтын медаль жеңіп алған болатын. Алматыда Ташкенттегі Al-Beruniy Masters 2026 халықаралық турнирінің және 2025 жылғы Қазақстан кубогінің жеңімпазы, Армения өкілі Арам Акопян да бақ сынайды. Тағы бір қатысушы  Беларусьтің екі дүркін чемпионы, Esports World Cup 2026 киберспорттық шахматтан Әлем чемпионатының финалисі Денис Лазавик. Жарыстың жартылай финалында ол американдық гроссмейстер Хикару Накамурадан басым түскен еді.

Шетелдік шахматшыларға Қазақстанның бес өкілі қарсы тұрады, олардың арасында Әлем чемпионаттары мен Шахмат олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Гроссмейстер Денис Махнёв – Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2021, 2024), Қазақстан чемпионаттарының күміс (2018, 2025) және қола (2023) жүлдегері, сондай-ақ блицтен 2023 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Гроссмейстер Эдгар Мамедов – 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы 2025 жылғы Әлем чемпионы, 14 жасқа дейінгілер арасындағы 2024 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2025 жылы ол 14 жасында осы атақты иеленіп, Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер атанды.

Халықаралық шебер Сауат Нұрғалиев – классикалық шахматтан Қазақстанның 2026 жылғы чемпионы және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы 2025 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ол ұлттық біріншілікті 15 жасында бірде-бір рет жеңілмей ұтып алды. Сондай-ақ, Жасөспірімдер арасындағы шахмат олимпиадасында өз тақтасында алтын (U16, 2022) және қола (U16, 2025) медаль алған.

Халықаралық шебер Алуа Нұрман – Қазақстан әйелдер құрамасы құрамында 2024 және 2026 жылдардағы Шахмат олимпиадаларының екі дүркін күміс жүлдегері, 2023 жылғы командалық Әлем чемпионатының күміс жүлдегері және әйелдер арасында блицтен 2025 жылғы Азия чемпионы. Сонымен қатар, 2019 жылғы әлем вице-чемпионы (U12) және 2023 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері (U16).

Халықаралық шебер Марк Смирнов – жасөспірімдер арасында Әлемнің екі дүркін чемпионы. 2024 жылы 12 жасқа дейінгі жас санатында жеңіске жетсе, 2025 жылы 14 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атанды.

KazChess Masters Almaty 2026 турнирінде жалпы он шахматшы ойнайды. Жарыстар классикалық уақыт бақылауымен тоғыз турдан тұратын айналмалы жүйе бойынша өтуде. Партиялардың нәтижелері FIDE халықаралық рейтингінің есебіне кіреді.

Жалпы жүлде қоры 25 миллион теңгені құрайды. Жеңімпаз 7 млн теңге, екінші орын иегері 5 млн теңге, ал үшінші орын  3,5 млн теңге алады.

Турнирді Coventry University Kazakhstan мен Freedom Holding Corp. компаниясының «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы (KazChess) ұйымдастырып отыр.

Ақпараттық серіктестер: Бірінші арна Еуразия, ÚLT, DKN (Деловой Казахстан), BES.media, SPORTINFORM, SPORT+, QAZAQSTAN, QAZSPORT, NEWTIMES, KURSIV, Chessno говоря.

https://s1.chess-results.com/tnr1516143.aspx?lan=11

Сообщение KazChess Masters Almaty турниріне гроссмейстерлер, Әлем чемпионаттары мен Шахмат олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жиналды появились сначала на Новости спорта.

Қазақстандық шахматшылар Испанияда өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында 13 медаль жеңіп алды
Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Қазақстандық шахматшылар Испанияның Рокетас-де-Мар қаласында өткен әлем чемпионатында 13 медаль еншіледі. Құрама қоржынында жеті алтын, екі күміс және төрт қола жүлде бар. Қазақстан жеңіп алған медальдар саны бойынша қатысушы елдер арасында бірінші орынға ие болды.

Алтын жүлдегер атанғандар: Макар Чернышов (7 жасқа дейін), Лейла Алдажарова (7 жасқа дейін), Амалия Едрешева (9 жасқа дейін), Әміржан Әнетов (11 жасқа дейін), Милана Филиппова (11 жасқа дейін), Данис Қуандықұлы (13 жасқа дейін) және Алдияр Жауынбай (15 жасқа дейін).

Күміс медальдарды Әлима Әкімхан (7 жасқа дейін) мен Алдияр Жарас (15 жасқа дейін) иеленді. Ал қола жүлдені Рауан Бақыт (11 жасқа дейін), Әлімжан Жауынбай (13 жасқа дейін), Айару Алтынбек (15 жасқа дейін) және Мария Холявко (17 жасқа дейін) еншіледі.

Ең әсерлі нәтижелердің бірін 11 жасқа дейінгі қыздар арасында сынға түскен Милана Филиппова көрсетті. Ол барлық 11 партияда жеңіске жетіп, жарыстың аяқталуына екі тур қалғанда мерзімінен бұрын чемпион атағын жеңіп алды. Оның жақын қарсыластары сегіз ұпайдан жинап, бірден үш ұпайға қалып қойды.

Он үш жасқа дейінгілер санатында сынға түскен Данис Қуандықұлы да аса жоғары нәтиже көрсетті. Ол 11 мүмкіндіктен 10,5 ұпай жинап, бүкіл турнир барысында бар болғаны жарты ұпай ғана жоғалтты. Отандасымыз күміс жүлдегер, египеттік Абдальрахман Самех Мохамедті бір жарым ұпайға басып озды.

Он бір жасқа дейінгі ұлдар арасында Әміржан Әнетов жеңіске жетті. Қазақстандық қатысушы 11 мүмкіндіктен 9,5 ұпай жинап, жақын қарсыласы өзбекстандық Акбар Мустафакуловтан тұтас бір ұпайға озып кетті. Осы санаттағы қола медальді Қазақстанның тағы бір өкілі Рауан Бақыт жеңіп алды, ол жарысты 8 ұпаймен аяқтады.

Құраманың ең жас өкілдерінің жеңісі күтпеген жаңалық болды. Лейла Алдажарова чемпионатқа халықаралық рейтингсіз келсе де, жеті жасқа дейінгі қыздар санатындағы барлық қарсыластарын басып озды. Сол жастағы ұлдар арасында өнер көрсеткен Макар Чернышов жарыс алдында бастапқы тізімде 14-ші орында тұрса да, турнирді бірінші орынмен аяқтады.

Тағы бір сенсациялық жеңіске Амалия Едрешева қол жеткізді. Тоғыз жасқа дейінгі қыздар санатында қазақстандық спортшы рейтинг тізімінің 18-ші орынан бастап, турнирді бірінші орынмен түйіндеді. Ол 8,5 ұпай жинады. Екі қарсыласы да осындай ұпай жинаған болатын, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша олардан басым түсті.

Қазақстанға жетінші алтын медальді 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өнер көрсеткен Алдияр Жауынбай әкелді. Ол тоғыз ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Бұл титул шахматшы үшін туған күнге сыйлық болды. Алдияр 21 қазанда 15 жасқа толды.

FIDE World Championships U7–U17 әлем чемпионаты 14–20 қазан аралығында Испанияның Альмерия провинциясындағы Рокетас-де-Мар қаласында өтті. Жарысқа 82 елден 721 шахматшы қатысты. Наградалар 7 мен 17 жас аралығындағы алты жас санаттарында ұлдар мен қыздар арасында бөлек сарапқа салынды.

Қатысушылар әр партияға 45 минут уақыт беріліп, әр жүріске 30 секунд қосылатын уақытпен швейцариялық жүйе бойынша 11 кезең ойнады. Бұл қысқартылған классикалық бақылау жарысты алты ойын күні ішінде өткізуге мүмкіндік берді.

Қазақстандық шахматшылар өткен жылғы нәтижелерін жақсартты. Сербияның Врнячка-Баня қаласында 2025 жылы өткен осындай әлем чемпионатында олар сегіз марапатқа қол жеткізген еді: төрт алтын, үш күміс және бір қола. Биыл Испанияда медальдар саны 13-ке, ал чемпиондық атақтар саны төрттен жетіге дейін артты.

Сообщение Қазақстандық шахматшылар Испанияда өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында 13 медаль жеңіп алды появились сначала на Новости спорта.