back to top

20 жылдан кейінгі тарихи алтын: Айым Серікбаева — таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионы

Сурет: ҚР Туризм жəне спорт министрлігі

Қазақстандық спортшы Айым Серікбаева (-44 кг) таеквондодан (WT) жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм жəне спорт министрлігі. Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында ол мексикалық Понсе Нуньес Дара Ширлиді 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Бұл жеңіс — Қазақстан таеквондосы үшін тарихи сәт. Ел құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында соңғы рет алтын жүлдені 2006 жылы жеңіп алған еді. Осылайша, араға 20 жыл салып алтын медаль қайтадан ел қоржынына түсті.

Айта кетейік, Айым Серікбаева бұған дейін Азия чемпионы атанып, жастар арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы болған.

Қазіргі таңда Ташкентте өтіп жатқан додада Қазақстан құрамасының қоржынында бұған дейін Ерасыл Ерзат пен Ислам Медетбай жеңіп алған екі қола медаль бар.

Жастар арасындағы әлем чемпионаты 17 сәуірге дейін жалғасады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР