Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Ташкент қаласында өтіп жатқан таеквондодан (WT) жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әділет Шері жарыстың соңғы күнінде қола жүлдеге қол жеткізді. Ол жартылай финалда Тунис спортшысы Малек Макрониге қарсы өнер көрсетті.
Айта кетейік, алты күнге созылған әлемдік додада Айым Серікбаева чемпион атанса, Ерасыл Ерзат, Ислам Медетбай, Алидар Абдукаримов және Әділет Шері қола жүлдеге ие болды.
Ташкенттегі дүбірлі додаға 119 елден 1000-ға жуық жас спортшы қатысуда.


