back to top

Ағайынды Жауынбай 24th ASEAN+ Age-group Chess Championships 2026-да төрт медаль жеңіп алды

Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Алдияр және Әлімжан Жауынбай Сингапурде өткен жас ерекшеліктері бойынша турнирде өз санаттарында екеуі бірге төрт медаль еншіледі, оның үшеуі алтын. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Ағайындылардың үлкені FIDE шебері Алдияр Жауынбай 20 жасқа дейінгі санатта бақ сынады. Рапид турнирінде ол 5,5 ұпай жинап, филиппиндік халықаралық шебер Кристиан Джан Карло Арка мен вьетнамдық Чан Зя Фук Фамды артқа тастап, бірінші орынды иеленді. Алдияр екінші алтынды блицте жеңіп алды. Ол 9 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпай жинады. Одан кейінгі екінші орынға вьетнамдық спортшы Чан Зя Фук Фам, ал үшінші орынға филиппиндік Кристиан Джан Карло Арка жайғасты. Алдиярға классикада жүлделі орынға жетуге сәл ғана мүмкіндік жетпей қалды. Ол 6,5 ұпай жинап, 1-3 орын иегерлерімен бірдей нәтиже көрсеткенімен, қосымша көрсеткіштер бойынша есе жіберіп, төртінші орынға тұрақтады.

Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Ал інісі FIDE шебері Әлімжан Жауынбай 12 жасқа дейінгі санатта өнер көрсетіп, ол да екі медаль еншіледі. Әлімжан алтынды блицте 8 ұпай жинап, вьетнамдық қарсыластарын басып озу арқылы жеңіп алды. Күміс медальды классикада иеленді. Ол 7 ұпай жинап, бірінші орын иегері вьетнамдық Фан Хоанг Куан Лемен тең түсті, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша қарсыласына жол берді.

Алдияр мен Әлімжан Жауынбай Қазақстан шахмат федерациясының жас таланттарды қолдау бағдарламасының қатысушылары. Бағдарлама елдің ең мықты жас шахматшыларын қолдауға бағытталған: спортшылар жаттықтырушылармен жұмыс істеуге, халықаралық жарыстарға қатысуға және ірі турнирлерге дайындалуға қолдау алады. KazChess жас дарынды қолдау бағдарламасына 34 шахматшы қатысады. Жауынбай бауырлары бұл бағдарламаға бірнеше жылдан бері қатысып келеді. 2025 жылы Әлімжан 11 жасында қазақстандық шахмат тарихындағы ең жас FIDE шебері атанған еді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР