Алдияр Ансат ел тарихындағы осы жоғары атақты иеленген 22-ші шахматшы болды. Гроссмейстер атағы оған ФИДЕ Президенттік кеңесінің шешімімен 2025 жылғы 22 наурызда ресми түрде берілген болатын. Алайда нақты статус 2026 жылдың маусымында, Алдияр рейтингін 2500-ге жеткізген кезде бекітілді.
Қазір 17 жастағы шахматшы KazChess Masters Almaty-2026 халықаралық турнирінде өнер көрсетіп жатыр. 15 шілдеде Алдиярға 18 жас толады — осы маңызды кезеңді ол Қазақстанның ең мықты жас ойыншыларының бірі ретінде қарсы алады.
Алдияр Ансатты құттықтаймыз және шахмат тақтасында жаңа жеңістер тілейміз!


