back to top

Ақтөбеде Aktobe Open 2026 халықаралық шахмат турнирі аяқталды

Американдық гроссмейстер Эндрю Хонг классикалықшахмат бойынша Қазақстан Кубогы-2026 сериясын ашқан«Владимир Дворкович мемориалы — Aktobe Open 2026» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Екінші орынды17 жасар қазақстандық Даниял Сапенов иеленді.

FIDE Circuit 2026–2027 сериясына кіретін Masters турнирінде Хонг 9 мүмкін ұпайдан 7-ін жинады. Сапеновжарысты 6,5 ұпаймен аяқтады. Соңғы турда қазақстандықшахматшы румындық гроссмейстер Александр Мотылёвтыжеңді. Нәтижесінде Сапеновтың рейтингі бірден 29,4 ұпайғаөсті. Үшінші орынды 2018 жылғы жылдам шахмат бойыншаәлем чемпионы Даниил Дубов (FIDE) алды. Иранның өкіліМахди Голами Орими мен қазақстандық гроссмейстер Денис Махнёв де 6,5 ұпай жинады, алайда қосымша көрсеткіштербойынша олар тиісінше төртінші және бесінші орындарғаорналасты.

Masters (78 қатысушы):

1. GM Эндрю Хонг (2592, США) – 7 очков (₸9 млн);

2. IM Даниял Сапенов (2461) – 6½ (₸7 млн);

3. GM Даниил Дубов (2649, FIDE) – 6½ (₸5 млн);

4. GM Махди Голами Орими (2530, Иран) – 6½ (₸3,5 млн);

5. GM Денис Махнёв (2551) – 6½ (₸3 млн);

6. GM Ван Хао (2684, Китай) – 6 (₸2,5 млн);

7. GM Андрей Есипенко (2684, FIDE) – 6 (₸2 млн);

8. GM Алексей Сарана (2668, Сербия) – 6 (₸1,5 млн);

9. IM Сергей Склокин-Багиян (2440, Армения) – 6 (₸1,05млн);

10. IM Алдияр Ансат (2485) – 6 (₸1 млн);

Әйелдер арасында үздік нәтиже көрсеткен Полина Шувалова (FIDE) болды, екінші орындақазақстандық Лия Құрманғалиева, үшінші орындаҮндістан өкілі ХарикаДронавалли.

Open турнирінде Қазақстанның 2026 жылғы 18 жасқадейінгі чемпионы, 17 жасар ақтөбелік Алан Петухов екіншіжыл қатарынан жеңімпаз атандыол 7,5 ұпай жинады. Оның жерлесі Қайыр Беристенов пен Астана өкілі АрленӘбдірашев де 7,5 ұпай жинап, қосымша көрсеткіштербойынша тиісінше екінші және үшінші орындарды иеленді.

Open (128 қатысушы):
1. FM Алан Петухов (2308) – 7½ очка (₸1,35 млн);

2. Каир Беристенов (2181) – 7½ (₸850 мың.);

3. Арлен Абдрашев (2095) – 7½ (₸600 мың.);

4. Ернур Ержанулы (2080) – 7 (₸450 мың);

5. IM Ли Бо (2232, Китай) – 7 (₸350 мың);

6. Эрдем Батожаргалов (2142, FIDE) – 7 (₸300 мың);

7. Владислав Малыгин (2205) – 6½ (₸250 мың);

8. IM Абильмансур Абдильхаир (2349) – 6½ (₸200 мың);

9. Нурали Мусаулы (2054) – 6½ (₸175 мың);

10. Алишер Оскенбай (2108) – 6½ (₸150 мың).

Фестиваль аясында жалпы жүлде қоры 50 миллион теңгеніқұрады. Masters турнирінің жеңімпазы 9 миллион теңге, ал Open турнирінің жеңімпазы 1,35 миллион теңге алды.

«Владимир Дворкович мемориалы — Aktobe Open 2026» турнирі 3–11 маусым аралығында Ақтөбеде өтті. Ұйымдастырушылар: Халықаралық шахмат федерациясы(FIDE), ҚР Туризм және спорт министрлігі, Қазақстаншахмат федерациясы және Ақтөбе облысының әкімдігі. Бас серіктестер: Freedom Holding Corp. және Ақтөбе мыс компаниясы. Турнир серіктестері: Herbalife және Қазақстантеннис федерациясы.

Жарысқа 21 елден 206 шахматшы қатысты, олардыңарасында 25 гроссмейстер және бір әйел гроссмейстер бар. Турнир өзінің өміріндегі үлкен бөлігін шахматқа арнағанжәне әлемдік шахмат қозғалысының дамуына зор үлесқосқан халықаралық төреші Владимир Дворковичтің есіміниеленеді.

Жеті жыл ішінде Aktobe Open Орталық Азияның ең ірішахмат іс-шараларының біріне айналып, жыл сайын әр елдіңкүшті ойыншыларын жинап келеді. Сериядағы келесі іріжарысOskemen Open 2026, ал Қазақстан Кубогы-2026 финалы 1–13 желтоқсан аралығында Астанада өтеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР