2026 жылғы 28 наурызда Кипрдің Пафос қаласымаңындағы курорттық Пейя елді мекеніндегі 5 жұлдызды «Cap St Georges Hotel & Resort» қонақүйіндеәлемдік шахмат тәжі үшін екі Претенденттер турнирінің– ерлер және әйелдер арасындағы – ашылу рәсімі өтеді. Әлемнің ең мықты шахматшылары арасында алғаш ретқазақстандық шахматшы – 22 жастағы БибісараАсаубаева бар.

Атап айтқанда, 2026 жылғы 29 наурыздан 15 сәуірге дейінөтетін FIDE әйелдер Претенденттер турнирінің жеңімпазы әлемнің қолданыстағы чемпионкасы, 35 жастағы қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен (2559 – мұнда және әрі қарай 2026 жылғы 1 наурыздағы классикадағы рейтинг) матч ойнау құқығын алады. Цзюй Вэньцзюнь титулды 2018 жылдыңмамыр айынан бері ұстап келеді.
Турнирдің сегіз қатысушысы:
Бұл турнирдің ерекшелігі — жеребеге турнир басталмайтұрып, 20 ақпанда өткізілді. Қатысушылар келесі старт нөмірлерін алды:
Айта кетерлік жайт, Анна Музычук турнир басталардан бірапта бұрын 2025 жылғы Әлем кубогының күміс жүлдегері GM Хампи Конеруды (2535, Үндістан) алмастырды. Хампи Конеру қауіпсіздік мәселелеріне байланысты Кипрде ойнаудан бас тартқан.
Старт нөмірлеріне сәйкес 1-ден 14-ке дейінгі турлар кестесі құрылды. 29 наурызда өтетін 1-тур жұптары: Дешмух – А. Музычук, Рамешбабу – Асаубаева, Горячкина – Лагно, ЧжуЦзіньэр – Тань Чжунъи.
Қатысушылар арасында бұрынғы әлем чемпионкасы бар — Тань Чжунъи (2017–2018).
Әйелдер арасындағы әлемдік тәжге таласатын Претенденттер турнирінің тарихы 1952 жылдан басталады(1968–1984 жылдарды қоспағанда). Барлығы 15 мұндай турнир өтті. Оның екеуінде қазіргі турнир қатысушыларыжеңіске жеткен: Александра Горячкина (2019, Қазан) жәнеТань Чжунъи (2024, Торонто). Торонто-2024 турниріндеқазіргі сегіздіктің бесеуі ойнаған: Тань Чжунъи, Рамешбабу(4-орын), Горячкина (5-орын), Лагно (6-орын) жәнеМузычук (8-орын).
Төрт қатысушы әлем чемпионкасы атағы үшін матчқа қатысқан: Анна Музычук 2017 жылы Тань Чжунъигежеңілген, Катерина Лагно (2018), Александра Горячкина (2020) және Тань Чжунъи (2025) Цзюй Вэньцзюньгежеңілген.
Қатысушылар 14 тур бойынша айналмалы жүйемен ойнайды. Уақыт бақылауы классикалық: алғашқы 40 жүріске 90 минут, содан кейін партия аяқталғанша 30 минут + әр жүрістен бастап 30 секунд қосылады.
Турнирдің жүлде қоры — 300 000 еуро
Бибісара АСАУБАЕВА 2004 жылғы 26 ақпанда туған. Гроссмейстер (2025), халықаралық шебер (2020), әйелдерарасындағы гроссмейстер (2019). Шахматпен 4 жасынанбастап айналысады. 2011 жылы 8 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионкасы атанды. Уақыт өте келеересектер жарыстарында да табысты болды. Блиц бойыншаүш мәрте әлем чемпионкасы (2021, 2022, 2025), рапид бойынша әлем вице-чемпионкасы (2021). 2025 жылы ФИДЕ Үлкен швейцаркасында қола жүлдегер. 2021 жылы Азия чемпионкасы (онлайн). ФИДЕ әйелдер Гран-приінің үшкезеңінде жүлдегер (2023, 2024). Қазақстан құрамасы құрамында 2024 жылғы шахмат Олимпиадасының және2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (2023). Мемлекеттік наградалары: «Барыс» II дәрежелі ордені(2025), «Барыс» III дәрежелі ордені (2024), «Шапағат» медалі (2019).

Сол қонақүйде, сол күндері және сол регламент бойынша(тек жүлде қоры үлкен — 700 000 еуро) ерлер арасындағы FIDE Претенденттер турнирі де өтеді. Оның жеңімпазы 19 жастағы үндістандық Гукеш Доммараджумен (2748) матч ойнау құқығын алады. Гукеш титулды 2024 жылдыңжелтоқсанынан бері ұстап келеді.
Ерлер турнирінің қатысушылары:
Бұл — Қазақстан шахматы үшін тарихи оқиға. БибісараАсаубаева әлемнің ең мықты сегіз шахматшысыныңқатарында әлемдік тәж үшін күреске шықты. Бүкіл ел Бибісараны қолдап, оның табысты өнер көрсетуін күтуде!


